astana-view

Департаменттер

Құрылыс және жер қатынастары департаменті

Департаменттің негізгі міндеттері:

  1. құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларын дамытуға қатысты мәселелер бойынша бизнес-қауымдастықтың мемлекеттік органдармен тиімді өзара ықпалдастық орнатуына жағдай жасау;
  2. кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы негізгі мәселелерді шешуге қатысты біртұтас пікірін (ұстанымын) әзірлеу;
  3. ҰКП қызметінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсынуға, қорғауға қатысу:
  4. Қазақстан Республикасында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін оңтайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға көмектесу;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамаларында және ҰКП-ның ішкі құжаттарында қарастырылған басқа да міндеттер.

Департамент қызметінің негізгі бағыттары:

  1. мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметкерлердің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпараттарды жинау, қорыту және талдау;
  2. құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша құрылған орталық мемлекеттік органдарға қарайтын алқалық консультативті-кеңесші органдардың, жұмыс топтарының, сараптама кеңестерінің жұмыстарына қатысу;
  3. құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптауға қатысу;
  4. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер проблемаларының Тізілімі мен Картасын жасау үшін, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ақпараттар ұсыну:
  5. мемлекеттік органдардың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша бағдарламалық құжаттар дайындауына және оны іске асыруға қатысу;
  6. құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шрауашылық салаларын дамытудың басты мәселелерін мемлекеттік органдар қабылдаған бағдарламалық құжаттарға сәйкес іске асыру бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен аккредиттелген қауымдастықтардың (одақтардың) қызметтерін үйлестіру.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер