«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ҰКП қамқорлығында

2015 жылғы 26 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
11306 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен өткен БҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында Батыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіруші өзекті түйткілдер, сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары талқыға түсті.

Талқылаудың басты тақырыбы мемлекеттік сатып алулардағы ауырталықты мәселелер болды.

– Облыста негізінен машина жасау кешені, өңдеу өнеркәсібі және мұнай-газ секторы дамығандығына қарамастан, жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алулары тауарларды сатып алудың үлесі жалпы көлемінде өте төмен болып отыр. Мысалы, егер 2014 жылы БҚО өндірушілерінде жалпы сатып алулар көлемі 78,7 млрд. теңгені құраса, оның ішінде жер қойнауларын пайдаланушылардың сатып алулары үлесі – бар-жоғы 3,1 % (244,3 млн. теңге). Облыстағы тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуларындағы жергілікті мазмұнның жалпы үлесі 94,1% құраған, оның ішінде тауарлар қимасындағы жергілікті мазмұн үлесі 84,7% құрады, – деді Кеңес Әбсәтіров.

Кеңес Әбсәтіров мемлекеттік сатып алулар мәселелеріндегі жалпыға белгілі түйткілдермен қатар тапсырыс берушінің біліктілік талаптарын көтеруін, байқау құжаттамасының әлеуетті түрде көтерілген тізбесін, мемлекеттік сатып алулар порталы жұмысы сапасының төмендігін, тендерлер аяқталғаннан кейін шарттық міндеттемелерді уақытында жасамауды атады.

Сонымен қатар, өңірдегі барлық өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындары бердей негізгі өндірістік қорларды жетілдіруге шамасы келе бермейді де, бұл сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мәлімделген техникалық сипаттамаларына қол жеткізуден көріне бермейді.

ӨКП директоры өз баяндамасында табиғи монополиялар субъектілері тарифтерін өзгертудің экономика салаларына  әсерін бағалау процедурасын енгізу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Ол сонымен қатар палата өкілдерінің тарифтерді бекіту жөніндегі комиссияларға міндетті түрде қатысуы қажеттігін көрсетті. Оның көзқарасына қарағанда, табиғи монополия субъектілері үшін техникалық шарттарды даярлау және беру функциясын ХҚКО-ға беру лайықты.

Кеңес Әбсәтіров бизнестің екінші деңгейлі банктермен әрекеттестігі жайлы айта келіп, кепілдіктің жетіспеушілігінен басқа бизнестің банк саласындағы түйткілдері ШОБ үшін кредит бойынша мөлшерлеме өсімі, әрекеттегі кредиттік желілер бойынша қаржыландыруды кешіктіру, бизнесті жүргізу өзгешелігіне орай кредит жабу кестесіне жеке тұрғыдан келудің жоқтығы, кредиттеудің қысқа мерзімділігі болып табылады.

Батыс Қазақстан ӨКП директоры Өңірлік даму картасын жасауды тілге тиек ете отырып, бүгінде бұрыннан бар өндірістерді хаттау жүргізілгенін, өңірдегі келешегі бар салаларға сәйкес келетін жобалар базасы қалыптастырылғанын ескере кетті. Облыстың салалық өзгешелігіне қарасақ, бұл АӨК, құрылыс индустриясы, мұнай-газ саласындағы машина жасау, туризм, көлік және логистика. Өңірлік жұмыс тобы құрылған, Қазақстандық индустрияны дамыту институты мен Экономикалық зерттеулер институтының техникалық тапсырмалары зерттелген. Зерттеу қорытындысы бойынша ҰКП-ға Өңірлік даму картасына сәйкес атқарушыны таңдау жөніндегі ұсыныстар берілді.

«Өңірлік даму карталары жобалары, кластерлік тұрғыдан келуді және ҮИИД бірінші бесжылдығы жобаларын жүзеге асыруға талдау жасауды ескере отырғанда, жарты жылдықтың соңына дейін даяр болуға тиіс. Олар қандай да бір өңірдің басымдылықты бағыттарына, қаржы, кадрлық ресурстар болуына сәйкес келуге міндетті. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жобалардың бұл пулдарын сүйемелдеуге дайын», - деп мәлімдеді ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Отырыста сөз алған кәсіпкерлер басқа да өзекті түйткілдерді жеткізді. Рубль бағамының құлдырауымен байланысты ресейлік тауар өндірушілер тарапынан орын алып отырған баға демпингі… Мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй салудың қатаң мерзімдері, оны ұстанбау құрылысшылар үшін «қара тізімге» кіру қаупін төндіреді… Құрылысшылар үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана салу бағасының шығындылығы, энергия тасымалдағыштарға және темір жол тасымалдауларына деген тарифтер өсімі… Салық кодексіндегі кезекті өзгерістерге орай шаруа қожалықтарына деген салық жүктемесін ұлғайту. Ірі жобаларды қаржыландырудағы түйткілдер, және де бизнесті ірі, орта және шағын етіп саралау өлшемдерінің толық жасалмауы.

ҰКП орталық аппараты өкілдері үшін бұл мәселелердің көпшілігі тосын емес. Көптеген мәселелер бойынша жұмыс та басталып кеткен. Сонымен бірге, олардың барлығы одан әрі пысықтау және тез арада шешу үшін ерекше назарға алынды.

Наталия ПОРТНЯГИНА, Батыс Қазақстан облысы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер