«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүк тасымалдау түйткілі

2015 жылғы 02 Қыркүйек
- Ақмола облысы
12010 просмотров

Жүк тасымалдаушылар түйткілдері Кәсіпкерлер палатасының назарында

Кәсіпкерлердің жүк тасымалдау жүйесіндегі түйткілдерге шағымы дөңгелек үстелдің басты тақырыбы болды. Бұл түйткілді Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы бастамалаған еді.

Бизнес-қоғамдастықпен бірге мемлекеттік органдар – Көкшетау көлік прокуратурасы басшылары, өңірлік көлік бақылау инспекциясы, Ақмола облысы бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет департаменті, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, «ҚТЖ Ақмола жол бөлімшесі» ҰК» АҚ филиалы өкілдері шақырылды.

Палатаға екі ірі шаруашылық етуші субъекті бір түйткіл – кірме темір жолдардың сапасыз инфрақұрылымы, оларды ұсынуға белгіленген тарифтердің жоғарылығы және үнемі өсіп тұруы, сондай-ақ темір жол жұмысындағы іркілістермен жүгінді. Аталмыш түйткілдер нәтижесінде туындайтын шығындарды кәсіпорындар өз қалтасынан төлейді.

«Agrimer astyk» ЖШС Ақмола облысындағы ірі астық қабылдаушы бекеттердің бірі болып табылады. НҚБ сыйымдылығы — 150 мың тонна. Мұнда тәулігіне 300 тонна өнімділікті ұн тарту зауыты және қайта өңдеу кәсіпорындары бар. ЖШС барлық қызметі темір жолмен тығыз байланысты. Алайда, кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, компания бірнеше жылдан бері темір жол тармақтарының иелері - «Көліктік сервис орталығы» АҚ, «Жарық» Электр механикалық зауыты» ЖШС, «Гранд Жол» ЖШС өздерінің темір инфрақұрылымын сәйкес ахуалда ұстау міндеттемелерін орындамауына байланысты шығын шегуде. Бірақ шағымдар оларға ғана айтылмады. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік шенеуніктердің әрекетсіздігіне таңқалуда.

«Қаскенов және Компания» ЖШС ЖЖМ құйылған цистерна вагондарды үздіксіз беру және жылжыту, кірме жолдардың өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсетуді сұрайды. Бүгінде кірме жолдар жұмысындағы іркілістер вагондардың тұрып қалуына, сәйкесінше, жүкті жауапты сақтау үшін және темір жолды қосымша пайдаланғаны үшін төлемнің ұлғаюына әкеледі.

Бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдарға сұрақтары мен ұсыныстары жетіп артылады. Бірінші кезекте олардың шағымдары өңірлік табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне арналған. Бизнестің міндеті — табыс алу, ал мұнда нормативтік базадағы кемшіліктер көзге ұрады.

Палата сарапшылары дөңгелек үстел соңында реттеуші органдарға жағдайды талдау, темір жол иелері-кәсіпорындарды Монополистер тізіліміне енгізу, инфрақұрылымды тиімді қолдану мақсатында баға белгіленуіне мониторинг жүргізу үшін механизм әзірлеу, қызметтерге әділ де кемсітпейтін қолжетімділікті қамтамасыз ету деген ұсыныстар енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер