«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Басымдылық – кәсіпкерлер құқығын қорғау

2015 жылғы 15 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
13098 просмотров

Оралда салықшылар заңды бұзушылар қатарында көш бастап тұр

Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кезекті қыркүйек Кеңесінде өңірдегі кәсіпкерлер құқығын қорғаудың ахуалы жайлы сындарлы сұхбат орын алды.

Кеңес мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов Кеңес ұстанымын нақтылап берді: мемлекеттік және құқықтық органдар тарапынан кәсіпкерлер құқығын бұзуға мүлдем жол бермеу.

«Бизнес құқығын кез-келген бұзу анықталуға тиіс. Оларды жою шаралары қолданылуға тиіс», - деп Игорь Стексов үзілді-кесілді талап етті. – «Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті. Бизнесмендер Палатаға жүгіне отырып, тапталған құқықтарының қалпына келтірілуін жылдамдатады».

Кеңеске қатысқан Орал қаласының прокуроры Айдын Рашидов Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура органдарының тығыз әрекеттестігінің арқасында мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкерлерге қатысты Заңды бұзушылықтың айтарлықтай азайғанын атап өтті.

«Дей тұрғанмен, бұзулар кездесіп тұрады. Прокуратура Палатамен әрекеттестіктің арқасында жол берілген бұзуларға жылдам жауап қатып, шаралар қолданады. Палата үстіміздегі жылы кәсіпкерлік субъектілері тарапынан пайдаланылмаған газ үшін жүз пайыз төлем талап еткен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалы жол берген бұзуды анықтады. Қала прокуратурасының қарсылығымен заңсыз алдын-ала төлем алу әрекеті күшін жойды», - деді Айдын Рашидов.

Қала прокуроры бизнес пайдасына шешілген басқа да істерді мысалға келтірді. Кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің бастығы Валентина Гаршина Кеңеске шағын және орта бизнес субъектілерін заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту деректері жайлы баян етті.

«Мұндай деректер көптеп кездеседі», - деп атады Валентина Гаршина. – «Бұзуды көбінесе Мемлекеттік табыс департаменті жасап жатады. Жарты жыл ішінде Орал қаласы Мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік жазаға тарту туралы 39 қаулының күшін жойған. Оның ішінде 37 — бұл Орал қаласы бойынша Мемлекеттік табыс басқармасының қаулылары. Сонымен қатар, Орал қаласы прокурорының қарсылығымен Мамандандырылған әкмшілік сот Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік табыс департаментінің 20 қаулысының күшін жойған», - деп атады Валентина Гаршина.

Кеңес мүшелері облыс әкіміне заң бұзу туралы ақпараттық хат жолдауға шешім қабылдады. Кеңес Хатшылығына кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуына тұрақты мониторинг жүргізіп тұру тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер