«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық кеден брокерлері кедендік процедураларды жеңілдетуді сұрайды

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Астана қаласы
10709 просмотров

Елордалық кәсіпкерлерді кедендік формалдылықтарды, сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды толассыз бақылаудың қолданыстағы механизмдерін жеңілдету мәселелері алаңдатып отыр.

Ондаған ШОБ өкілі елордалық Кәсіпкерлер палатасына кедендік брокерлер ісіне кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді шешуге жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді.

Кедендік басқару процесін біршама жылдамдату үшін кедендік төлемдерді қолма-қол ақшамен төлеу, ҚР/ЕАЭО шекарасында карантиндік тексермелеуді жүзеге асыру, кедендік өкілге декларациядан өз бетінше тапқан қателерді бір жыл ішінде қандай да бір әкімшілік жазалауларсыз түзеу құқығын беру мәселелері біршама өзектеніп тұр. Қатысушылар сонымен қатар жүктерді жеңілдетілген ресімдеу тәжірибесін қайтару туралы мәселені қарауды ұсынады.

Осы және басқа да мәселелерді зерттеу қорытындысы бойынша елордалық Кәсіпкерлер палатасы оларды Астана қаласы МТД кедендік қызметі басшылығының қарауына шығарды.

«Дөңгелек үстел» басындағы келіссөздер барысында кеденшілер кәсіпкерлерге ЕАЭО аясында халықаралық сауданы жүзеге асыру кезіндегі бірқатар формалды процедуралардың күші жойылғаны туралы жеткізіп, сонымен қатар ШОБ өкілдерінің бірқатар тілектері мен ұсыныстарын назарға алды.


Ұқсас жаңалықтар:

Біз басқа өңірлерге кетуге мәжбүр боламыз!
9 Қараша
2015
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер