«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдық бизнесмендерге арналған сауат ашу

2015 жылғы 29 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
10982 просмотров

БҚО аудандарындағы екінші деңгейдегі банктер филиалдары шағын және орта бизнеске кредит бермейді

Ауылдық бизнесмендер аталмыш түйткілді облыстың бес ауданында болып шыққан Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, бақылау органдары өкілдерімен өткен кездесу барысында жеткізді.

Іс-шара кәсіпкерлік саланы реттейтін заңнамада орын алған өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Ауылдық кәсіпкерлер айтып өткендей, кредит алу үшін оларға облыс орталығына бару керек. «Кейде ірі сома да қажет емес, шағын кредиттерді аудан орталығы деңгейінде алуымызға болар еді», - дейді жергілікті бизнесмендер кредит алуда жиі әуре-сарсаңда түсіп жататындарын айта отырып.  

Ауылдың іскер адамдары сонымен қатар салық, жер заңнамасы саласында да түйткілдер бар екенін жеткізді.

Сұхбат форматында өткен кездесудің кәсіпкерлер үшін пайдалы болғанын айта кету керек. Сөйтіп, Бөрлі ауданының прокуроры Қуаныш Әміралин және БҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі бөлімінің бастығы Валентина Гаршина кәсіпкерлер құқығын қорғау және анықталған әкімшілік кедергілердің жою жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыс жайлы сөз етті. Олардың айтуынша, көбінесе жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру тіркеусіз, не болмаса тексерісті тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізіледі. Сонымен бірге, анықталып отырғандай, көптеген ауылдық бизнесмендер мұндай тіркеудің болуы қажет екенін білмейді де.

Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының өкілдері кәсіпкерлерге ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша жасалған өзгертулер туралы ақпарат берді.

Бизнес субъектілерімен тікелей сұхбат аудандағы бірқатар жүйелік түйткілдерді анықтауға мүмкіндік беріп, Палата қазір аталмыш мәселелерді шешуді қолына алды.

Кәсіпкерлер сондай-ақ жеке мәселелерін шешу мүмкіндігіне де ие болды. Сөйтіп, прокурорлар мен бақылау органдарының өкілдері 33 қабылдауды іске асырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер