«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жылыжай» деген арман орындалды

2015 жылғы 01 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
15886 просмотров

БҚО кәсіпкерінің идеясына ӨКП қолдау көрсетті

Батыс Қазақстан облысында жылыжай бизнесін дамыту қажет болып есептеледі, себебі облыс құрғақ климатты, шұғыл континенталды аймаққа жатады. Сонымен бірге онда суармалы егіншілікке жағдай бар, оның үстіне облыстың барлық аумағы дерлік газдандырылған.

Мұрат Әшірметов – Өзбекстаннан келген оралман. Батыс Қазақстан облысына 2004 жылы көшіп келеді. Зеленов ауданының Мичурин ауылдық округіне қоныс тебеді. Үйі, төрт сотық шағын жер телімі бар. Сол жерге жылыжай салып, қызанақ, қияр және гүл өсіреді.

«Голландтықтан кем емес, - деп сендіреді ол. – Анам гүл өсіретін және бізді де үйретті. Бала кезімнен жерде жұмыс жасауға үйренгенмін. Алған білімім бойынша ветеринар болсам да, жаным - агроном».

Мұрат Өзбекстанда да, Қазақстанда да ірі жылыжайларда көп жұмыс жасаған. Бірақ оның арманы жеке бизнесін ашу, дәл осы жылыжай салу болатын.

«Жеке бизнес ашу оңай іс еместігін білетінмін, бірақ жұмыс жасаудан қорықпайтын болғандықтан, әлім келеді деп шештім, - деп еске алды кәсіпкер. – Бірақ осынша көп, өзіме түсініксіз кедергілерге кездесем деп күткен жоқпын. Біріншіден, және де бұл ең бастысы, ұзақ жылдар бойы жер ала алмадым. Себебін түсіндірместан, қабылдаған жоқ. Қаншама жердің қолданылмай жатқанын көріп жүрмін ғой. Мен үшін бұл ең түсініксіз дүние – жылыжайлардың, мал шаруашылығы кешендерінің, құс фабрикаларының көптеп салынуы мемлекетке пайдалы емес пе, бірақ ол үшін жер бөлу керек. Екіншіден, бюрократия. Осыншама қағаз, анықтамалар, келісулер, инстанцияларға бару. Кәсіпкерлер палатасы болмағанда, қолымнан келмес еді».

Мұрат көптеген таныстарының бір-екі рет жер алған соң, күдерін үзіп, бизнес құру идеясын тастап кеткенін айтты. Бірақ ол табанды түрде, бірнеше жыл бойы жер алуға тырысады да, ақырында бұл қимылы ақталып, көршілес Теректі ауылдық округінен төрт гектар жер алды.

«БҚО Кәсіпкерлер палатасының Зеленов ауданындағы филиалының директоры Әсел Қартқожақованың арқасында жер алдым. Ол жер қатынастары бөлімінде мен үшін әрекет жасап, бизнес-жоспар құруға, кредит алу үшін құжаттарды ресімдеуде көмектесті. Қолдау, кеңес, консультация дейсің бе – кез-келген мәселемен Палатаға жүгінемін».

«Біз Мұрат Әшірметовке жер, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша үш миллион теңге көлемінде кридет алуға көмектестік, - дейді Әсел Қартқожақова. - Мұрат кредитті шілде айының соңында алды да, бірден құрылысқа кірісіп кетті. Алдымен құдық қазды, жылыжайдың қаңқасын салды, газ тарту үшін техникалық құжаттама даярлады. Ол күні-түні жұмыс жасайды. Оның мақсатына жету үшін тіке бағыт алғанына қуаныштымыз».

Мұрат әзірше алған қаражатына қарай 500 шаршы метр ауданды алатын жылыжай салып жатыр, бірақ барлық төрт гектар жерге жылыжай салып тастау жоспарында бар. Ол қиындықтан қорықпайды. Девальвация да оған қорқынышты емес. «Жерді тартып алмаса болды, - дейді ол, - жалдауға екі жылға ғана берілді ғой».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер