«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дау сот органдарының араласуынсыз шешілді

2015 жылғы 09 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
10753 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер арасындағы даудың медиация жолымен шешілуіне тағы бір рет сеп болды.

Жеке кәсіпкер Айнагүл Жұмағалиева Палатаға жүгінген кезде, жалға беруші Наталья Насамбаевамен арадағы қақтығыс шиеленісті деңгейіне жеткен болатын. Қорқытулар, бір-біріне тіл тигізу, полиция шақырулар да орын алды. Айнагүл Жұмағалиева Палатаға сотқа жүгінуді ниет етіп келді, және де ӨКП сарапшыларының қуыным арыз жасауға көмектесуін сұрайды.

Анықталғандай, қақтығыс кәсіпкер жалдап отырған жайды жөндеу жұмыстарына байланысты туындаған. Жөндеу сапасы жалға берушінің көңілінен шықпаған. Ал жөндеу болашақ жалдау ақысының есебінен жасалған еді. Жалпы 1 200 000 теңге жұмысалыпты. Алайда жалға беруші Наталья Насамбаева жөндеу жұмыстары аяқталған соң шығыс құрылыс материалдарына растау құжаттарының жоқтығына сілтеме жасай отырып, жалгермен және құрылыс бригадасымен үш жақты орындалған жұмыс актісіне қол қоюдан бас тартады.

Палатаның құқықтық блогының сарапшысы Әсия Айтмағамбетова қақтығыстың екі тарапының басын қосып, сот талқылауының екі тарапқа да тиімсіз екеніне көздерін жеткізе алды.

Тараптар келіссөздер нәтижесінде келісімге келді. Жалға беруші бір миллион екі жүз мың теңге сомасына орындалған жұмыстар актісіне қол қойып, жалгер жалдау шартын бұзбауға және Наталья Насамбаевадан жөндеуге жұмсалған ақшаны талап етпеуге келісті. Келісімге жөндеу шығындарының 12 күнтізбелік ай бойында жалдау ақысы есебіне баратыны жайлы қосымша тармақ кіргізілді. Жеке кәсіпкер Айнагүл Жұмағалиева жалға алған орында менталдық арифметика мектебін ашып қойған.

«Екі және одан көп кәсіпкерлік субъектілердің оннан астам қақтығысы келіссөздер көмегімен шішіліп отыр, - деді Әсия Айтмағамбетова. – Бүгінгі мысал қақатығысушы тараптардың өздері келісімге келе алмайтынын, дауды сот органдарының араласуынсыз шешу үшін, үшінші тараптың араласуы талап етілетінін тағы да дәлелдеп отыр».


Ұқсас жаңалықтар:

Құс фабрикасы субсидияны қайтармайды
3 Қыркүйек
2021
Солтүстік Қазақстан облысы
Медиация бизнесті құтқарады
25 Наурыз
2021
Ақтөбе облысы
Алматыда Медиация жүйесі дамуда
27 Маусым
2019
Алматы қаласы
Дау сотқа дейін шешілді
13 Қараша
2018
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер