«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Біздің мысал – басқаға ғылым

2015 жылғы 09 Қараша
- Ақтөбе облысы
10238 просмотров

Қазақстан компанияларының ақтөбелік әлеуметтік жауапты бизнес тәжірибесінен үйренері бар

«Эрнст энд Янг – консультациялық қызметтер» ЖШС Қазақстан, Украина және Белорусьтағы таза технологиялар және тұрақты даму саласындағы қызметтер бөлімінің басшысы Виктор Коваленко Ақтөбеде өткен семинардан кейін осындай қорытынды жасады.

Әріптесі – Құқықтық саясатты зерттеу орталығының консультанты Назгүл Ерғалиева және жергілікті компаниялардың жиырмаға жуық өкілдерімен бірге олар Қазақстанда бизнес жүргізу саясаты мен тәжірибесін өркендету мәселелерін талқылап, Кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі тұжырымдамасын түсіндірді.

Іс-шараны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» қоғамдық қоры және Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Елшілігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

«Ақтөбе – бұл корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөнінен семинар өткізіп отырған Қазақстандағы екінші қала. ҰКП қолдауымен ҚР өңірлерінде шағын және орта бизнестің басын қосып, КӘЖ дегеніміздің не екенін, компанияларымыздың оны өз қызметінде қолдану жолдарын, «Атамекен» ҰКП-да жақында қабылданған КӘЖ Тұжырымдамасы дегеніміз не, оны тәжірибеде пайдалану мен қолдану жолдары жайлы айтамыз», - деп жеткізді Виктор Коваленко.

Оның ойынша, келешегі үшін жұмыс жасайтын және ертеңін ойлайтын бизнес қалайда корпоративтік әлеуметтік жауапкерішілікке ұшырасып отырады.

«Біреулер қызметкерлер жайын ойлайды, келесілер атмосфераға кететін қалдықтарды төмендетеді, үшіншілер әкімдіктерге көмектесіп, әлеуметтік жауапты бизнестің жарқын өкілі болып табылады. Қазақстан халықаралық тәжірибеден ең үздігін алып, бәрін жүйелеуге тиіс. Жергілікті компаниялар өкілдері таңқалдырып отыр. Елордалық кәсіпорындардың олардан үйренері бар деген ойдамын», - деп санайды Виктор Коваленко.

Атап айтқанда, тренерлер «Динар Электромаш» ЖШС жұмысшыларына баспана беріп, алыс-жақын шет елге демалысқа жіберіп қана қоймай, екпе салып, дәрі тамызып беретін медициналық жұмыскерлерді, тіпті уқалаушыларды да штатта ұстайтынын естіп, риза болды.

«Кәсіпорын қызметкерлерінің бірінің пәтерінде сантехника немесе жылу беруде түйткіл туындағанын білген ПИК мен кондоминиум төрағаларының оған емес ЖШС слесарына жүгінетінін естіп таң-тамаша болдым. Ол сол жерге келіп, ақауды жояды. Жұмысшы үйдегі іске алаң болмайды. Бұл деген керемет қой! Мұндайды ешқай жерде естімеппін. Елордалық кәсіпорындардың ақтөбелік компаниялардан үйренері баршылық деп ойлаймын», - деп қорытты Виктор Коваленко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер