«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерге тегін қызмет түрлері ұсынылды

2016 жылғы 05 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
11012 просмотров

Жиында жас кәсіпкерлерге нақты қызмет көрсету мәселелері айтылды

«Бизнестің жол картасы – 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша БҚО кәсіпкерлік пен индустриалды-инновациялық даму басқармасы Кәсіпкерлер палатасы және «Даму» КДҚ бірлесе ұйымдастырған жиынға Орал қаласы мен облысының жаңадан кәсіп бастаушы кәсіпкерлері қатысты.   

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау туралы Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Мақсат Құланбаев айтып берді. Ол кәсіпкерлерге барлық көмек пен қолдау тегін жүзеге асатынын ерекше атап өтті. «Бұл тек мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша түсіндірмелер, кәсіпкерлікті жүргізу мәселелер бойынша кеңес берулер ғана емес, сонымен бірге бизнес жоспар жасау, қаржылық және бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу, сондай-ақ менеджмент жүйелерін ендірудің барлық кезеңдерінде жүргізілетін кеңес беру және демеу шаралары, мемлекеттік сатыпалуларға қатысты, заңдық және өзге де қызмет көрсетулер», – деді жас кәсіпкерлерге Мақсат Құланбаев. Ол бұл қызметтердің барлығын қай жерде және қалай алуға болатынын айта келе, 2015 жылдан бастап бмұндай қызметтерді барлық аудан орталықтары ұсынып отырғанына баса назар аударды. 

Сонымен бірге, Мақсат Құланбаев жаңадан кәсіп бастаушы кәсіпкерлерге «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу» жобаларының аясындағы оқыту және жобалық оқыту мәселелеріне тоқталды.

Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа үлгілері туралы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры филиалының субсидия және кепілдік беру жөніндегі менеджері Нұржан Қалишанов айтып берді.

Жиын бейресми өткендіктен, көптеген сұрақтар қойылып, оларға Кәсіпкерлер палатасының, «Даму» қорының және мемлекеттік орган өкілдері жауап берді. Басқосу Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткендіктен, жиынға қатысушылар 5 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілеріне тегін қызмет көрсету бойынша жұмысты бастап кеткен КҚКО кеңесшілерімен танысып, мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша ақпарат алуға мүмкіндік алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер