«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Палатаның қорғауындағы микробизнес

2016 жылғы 09 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
9877 просмотров

Даудың алдын алу үшін кейде бір тараптың заңсыз әрекетін ауызша түсіндіру де жеткілікті.

«Кәсіпкерлер палатасының басты мақсаттарының бірі кәсіпкерлік субъектілері арасында туындаған даулы мәселелерді сот  қарауына жеткізбей келіссөздер арқылы шешу. Осылайша, 2015 жылы ауызша келіссөздер нәтижесінде 20-дан аса арыз оңтайлы шешімін тапты», – дейді өңірлік палата құқықтық блогының сарапшысы Валентина Гаршина.

Проблемалардың оңтайлы шешімін көрген шағын және орта бизнес субъектілері Кәсіпкерлер палатасына енді жиі жүгінетін болды. Арыздардың басым көпшілігі кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін заңсыз қысымдардан қорғау жайлы. Әсіресе, сауда үйлерін жалға алушылар мен жалға берушілердің өзара қарым-қатынас проблемаларына қатысты.

Айта кету керек, жалға алушылардың, әдеттегідей, арнайы заңдық білімі жоқ және келісім-шарт жасағанда оның егжей-тегжейіне қарамайды. Жалға берушілер келісім-шартта көрсетілмеген кепілдік жарна төлеуді талап етеді, ал жалға берудің келісім-шарты үзілгенде кепілдік жарнаны беруден бас тартады.

Мұндай мәселенің оңтайлы шешімін тапқан мысалдардың бірі – жеке кәсіпкер С.Вахитованыкі болды. Ол «Форум» сауда үйін жалға алу келісімшартының үзілуіне байланысты кепілдік жарнасын қайтарып алуға көмектесу бойынша Палатаға өтінішпен келді. Өтініште «Форум» сауда үйінің әкімшілігі 180 мың теңге көлемінде кепілдік жарнасын қайтарып беруге келіспей отырғанын және кепілдік жарнасы келісімшартта көрсетілмегенін жазған.

Бұл проблеманы шешуге сауда үйі әкімшілігі әрекетінің заңсыздығы жайлы Палата сарапшыларының ауызша түсіндірмесінің өзі жетіп жатыр. Дауға нүкте қойылып, ақша кейін қайтарылды. Жеке кәсіпкер Палата қызметкерлерінің көмегі мен қолдауына алғысын білдірді.

Өңірлік палаталарда жиі кездесулер өткізіліп, онда ҰКП Арбитраж орталығының қызметі жөнінде кәсіпкерлерге кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Онда, бірінші кезекте, кәсіпкерлерге ыңғайлы әрі тиімді жағын ұстана отырып, дауларды тиімді шешетін рөлі әрі олардың арыздарын өте қысқа мерзімде қарап қана қоймай, ең бастысы, шынайы, әділетті, тәжірибелі мамандар қарайтыны айтылады. ӨКП-да жүйелі түрде өңірлік және республикалық медиация орталықтарымен кездесулер болып тұрады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер