«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзіңді алдауға жол берме!

2016 жылғы 03 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
10331 просмотров

Кәсіпкерлік кодекспен танысу арқылы кәсіпкерлер заңсыз тексерулердің алдын алады

Өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау мен қадағалаудың өзге түрін жүзеге асыра отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары көп жағдайда кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіріп жатады.

Бұл жөнінде БҚО Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінде сөз болды, сондай-ақ бизнеске қатысты заң бұзушылық жағдайлары кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес, субъектіні (объектіні) барып қарау арқылы бақылау мен қадағалаудың өзге түрі өнімнің қауіпсіздігін тексеру талап етілетін жағдайда жүргізіледі. Алайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары анықтаған тағам өнімін іріктеу нәтижелері бойынша сараптамалардың қорытындыларына сәйкес заң бұзушылықтар негізінен қауіпсіздікпен емес, өнімді тиісті түрде таңбаламаумен байланысты.

Тұтастай алғанда, 2015 жылы осындай негіздемелер бойынша өнімнің 500-ден астам сынамасы іріктеліп алынып, олардың 70%-ын тілдік қағида бойынша өнімді дұрыс таңбаламаумен байланысты бұзушылықтар құраған. 2016 жылдың ағымдағы кезеңінде өнім қауіпсіздігіне жүргізілген мониторинг аясында 289 сынама алынып, оның 49 жағдайында осы тәрізді бұзушылықтар анықталған.

Сонымен, өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу сылтауымен бақылау мен қадағалаудың өзге түрі негізсіз түрде жүргізіліп жатады.

Оған қоса, бақылау мен қадағалаудың жөнсіз түрінің нәтижелері бойынша ескертпелер ретінде шара қолдану актілері енгізіледі, олар өз кезегінде жоспардан тыс заңсыз тексерулердің жүргізілуіне әкеледі. Нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіндегі қарымта тексерулер жүргізудің заңмен белгіленген тәртібі бұзылады.

Қарымта тексерулер аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары осындай ақпарат алумен шектеліп қоймай, сынамаларды іріктеп алу арқылы бизнес субъектісін толыққанды тексереді.

Мысалы, Орал қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы «Сауда Оптима» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс жүргізілетін тексеру аясында бройлер балапанының еті өнімнің сынамасынан Salmonella-ны анықтаған, өнімді жеткізуші «Уральск Продукт» ЖШС болған. Белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген аталған тексеру аясында жеткізушіге қатысты қарсы тексеру жүргізіліп, соның нәтижелері бойынша ескертпе берілген.

Дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-лицейін тексеру аясында белгілі болғандай, "Камышев В.В." ЖК, «Агрофирма Акас» ЖШС жеткізушілері де осы тәрізді бұзушылық әрекеттерге жол берген.

Осы ретте тексерушілер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тексеру жүргізудің алдында хабарламайды, бұның өзі заңнамаға қайшы келеді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының бөлім бастығы Гүлнара Ыбрашева Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кеңесіне анықталған бұзушылықтар туралы есеп бере отырып, бірнеше мысал келтірді.

«2015 жылдың желтоқсан айында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының атына «Мирлан» базары жанындағы сауда нүктесіндегі жеке кәсіпкер "Королева Е.А." өнімінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында өнімді іріктеумен байланысты бақылаудың өзге түрінің басталғандығы туралы хабарлама ұсынылған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының маманы Т.Шәріпқалиева өнім қауіпсіздігіне зерттеу жүргізу үшін, тағам өнімдерінің алты түрін іріктеу бойынша акт құрған. Алайда онда өнімді іріктеу жүргізілген сауда нүктесінің иесі "Брижаченко А.С." ЖК болып табылады, бұл айғақ фискалды чекпен расталған. Жетекші маман Шәріпқалиева сауда нүктесінің басқа кәсіпкерге тиесілі екендігін анықтап, өнімді іріктеуді тоқтатуы тиіс болатын, себебі "Брижаченко А.С." ЖК қатысты тексеру туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына хабарланбаған. ТҚҚБ маманы өнімді іріктеуді тоқтатпаған, өз кезегінде бұл заң бұзушылық болып есептеледі», – дейді Гүлнара Ыбрашева.

Тексерулер жүргізу барысында өзге де бұзушылықтар орын алған, олар жөнінде Гүлнара Ыбрашева Кеңеске мәлімет берді.

Сонымен, тексеру жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар аталған үлгілерді іріктеу туралы хаттама ресімдемей тұрып зерттеу жүргізу үшін өнім үлгілерін алуға құқылы болмайды, аталған жағдайда бұл талап та орындалмаған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Щербина жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының кейбір қорытындыларымен, атап айтқанда,  таңбалаудың өнім қауіпсіздігіне қатысты болмайтындығы туралы тұжырымымен келіспейді. Пікірталас барысында Сергей Щербина «Таңбалауда дайындалған күні, сақтау мерзімі және т.б. көрсетіледі. Мұндай ақпарат қалайша қауіпсіздікке жатпайды?»,– деген сауал тастады. Оған жауап ретінде Гүлнара Ыбрашева бұзушылықтардың 70%-ын тілдік қағида бойынша өнімді дұрыс таңбаламаумен байланысты бұзушылықтардың құрайтындығын еске салды.

Кеңес Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының ТҚҚБ-мен жіберілген бұзушылықтар туралы қорытындыларын Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің орталық аппаратына жіберу туралы ұсыныс жасады.

«Осында отырған кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері көптеген бизнес субъектілеріне кәсіпкерлердің құқықтарын жақтайтын Кәсіпкерлік кодекспен мұқият түрде танысу қажеттілігін жеткізеді. БҚО Тұтынушылардың құқықтарын қорғау кеңесі өз кезегінде келешекте бақылау органдары тарапынан бұзушылық әрекеттерге жол берілмеуін мұқият түрде қадағалайтын болады»,– деп қорытындылады Кеңес төрағасы Хайдар Қапанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер