«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік жауапкершілік кімнің мойнында?

2016 жылғы 05 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
9802 просмотров

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі бассыздықтар жалғаса берсе, қаланың тасымалдаушы-кәсіпорындары ереуілдеуі мүмкін

Бизнес пен биліктің өзара қарым-қатынас тетіктерінің бірі кәсіпкерлердің консультативті-кеңесші органдардың жұмысына қатысуы болмақ

Әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушы тасымалын субсидиялауға арналған өтініштерді қарайтын комиссия құрамына Батыс Қазақстан Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Гүлбану Әубекерова да кірді.

«Автомобиль көлігі туралы» Заң, біздің ұсыныстарымыз негізінде қабылданған, жолаушы тасымалымен байланысты тасымалдаушылардың шығынын бюджет қаражаты есебінен субсидиялаудың жаңа Ережелеріндегі кәсіпорындар жұмысының басты шарттары біз қанағаттандырады, нормативтік негіз көңілімізден шықты, – деп атап өтті кәсіпкерлер. – Алайда, уәкілетті органдар мүлде басқа нормаларға иек артатын сыңайлы. Біз сонау қаңтар айының басында жаңа әдіске сай есептеулермен ТКШ, ЖТ мен АЖ қалалық бөлімдеріне субсидиялауға өтініш беріп қойғанбыз, дегенмен, заң бойынша өтініштерді қарау мерзімі 15 күн болса да, әлі күнге дейін ресми жауап келген жоқ».

«Субсидиялау туралы өтініштерді қараудың әуре-сарсаңға салатын жылдар бойғы тәжірибесі әлі де жалғасуда, – деп жалғады сөзін кәсіпорын басшылары. – Алайда, біз күте алмаймыз, қазірдің өзінде жұмысты тоқтатуға шақ қалдық. Қалалық билік нан бағасын еркіне жіберіп, әлеуметтік наразылықты жолаушы тасымалы тарифінен ұстап қалу арқылы шешуді көздеп отыр. Сонда, біз, жеке кәсіпкерлер, мемлекеттің әлеуметтік функцияларын атқарып отырмыз. Олай болса, бізді әлеуметтік сала ретінде танып, білім беру, денсаулық сақтау салаларымен тең дәрежеде бюджет есебінен қаржыландырсын. Бірақ олай болмайды ғой. Біз өз қалтамыздан қаражат шығарып автобустар сатып аламыз, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, ЖЖМ сатып аламыз, қызметкерлерімізді асыраймыз, осыған қарамастан, салық төлейміз, миллиондаған несие төлейміз. Ал жол жүру ақысы бірнеше жылдан бері 60 теңге шамасында қалуда, алайда, біздің есебімізше, ендігі белгіленген баға жүз теңгеден асып-жығылуы керек. Бұл есеп 2014 жылдың бағасымен шығарылғандығын айта кетейік».

Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әлеуметтік маңызды маршруттар бойынша жолаушы тасымалын субсидиялауға байланысты өтініштерді қарауды кешіктіре берсе, қаланың тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындары ереуілдеуі мүмкін.

«Егер қалалық билік осы тарифті сақтап қалғылары келсе, бағадағы айырманы субсидиялаулары қажет, бұл заңда да көрсетілген», – деп тасымалдаушылар Гүлбану Әубекероваға жүгінді.

Әлеуметтік маңызды бағыттар бойынша жолаушы тасымалын субсидиялауға арналған өтініштерді қарайтын комиссия құрамына мүше Гүлбану Әубекерова барлық құжаттар мен есептеулерді қарап, комиссияда бизнестің мүддесін қорғауға уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер