«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті дамытуға 1 миллиард теңге жұмсалмақ

2016 жылғы 25 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
12967 просмотров

ШОБ-ті қаржыландыру үшін облыс әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры дәл осындай сома бөлуді көздеп отыр

Облыс әкімдігі мен «Даму» қоры арасында меморандумға қол қою барысында осындай келісім жасалды, тараптардың әрқайсысы өз есебінен екінші деңгейлі банктер арқылы 500 млн.теңге бөлуге міндеттенеді.

«Несиені «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына сәйкес жобалары Экономиканың басымдықты секторларының тізбесіне кіретін кәсіпкерлер пайдалана алады. Ең алдымен, бұл ауылшаруашылығы өндірісі мен жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қатысты болмақ», – дейді «Даму» КДҚ» АҚ Батыс Қазақстан филиалының бас менеджері Нұржан Қалишанов.

Оның сөзінше, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7,5%. Несие мерзімі – инвестициялық мақсаттар үшін 84 айға дейін және айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 айға дейін. Аталған бағдарлама аясында қаржыға қол жеткізген кәсіпкерлер банктегі кепілді мүлік жеткіліксіз болған жағдайда, қордың кепілдендіру құралын пайдалана алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер