«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Саудаға өз өнімдеріміз шығарылсын

2016 жылғы 22 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
9055 просмотров

Орал супермаркеттерінде жергілікті тауар түрлерінің бар-жоқтығы тексерілді

Жыл сайынғы «Қаланың үздік супермаркеті» байқауы аясында арнайы комиссия сауда желілерінің сөрелеріне жүргізілген мониторинг нәтижесіне қарап, үздігін анықтайды.

Бағалаудың басты өлшемі – супермаркеттер мен гипермаркеттердің сөрелерінде жергілікті жерде өндірілген тауар түрлерінің қойылуы.

«Байқау екінші рет өткізіліп отыр. 2015 жылы байқауға 21 супермаркет пен сауда үйлері қатысқан еді: «Анвар», «Атаба», «Дина», «Дом еды»,  «Лидер», «Рамстор» және «Шолоховский». Қала күні П.Атоян атындағы стадионда байқау жеңімпазы «Атаба Уральск» ЖШС-ның директоры Динара Ержановаға кубок пен диплом табыс етілді. Байқау республикалық «Қазақстандық өнімді сатып ал» акциясының бір бөлігі ретінде өткізілді әрі жергілікті тауарды ілгерілетуде таңдалған құралдың әрекет ететіндігін көрсетіп берді», – дейді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Қайыршин.

Супермаркеттерде жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін ұсыну үш айдың ішінде 12,7%-ға артқан. Егер байқау басталар тұста (2015 жылдың мамыры) жергілікті тауар сөрелерге 158 аталым бойынша қойылса, байқау аяқталар тұста (2015 жылдың тамызы) тауар түрі 178-ге жеткен. Байқау сауда-саттық кәсіпорнын ғана емес, тауар өндірушілерді де сапалы, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге ынталандырды.

2016 жылғы байқаудың басталғандығын жариялаған комиссия «Дина» гипермаркетін бетке алды. Мақсаттары сауда-саттық орнының қазақстандық және өңірлік тауар өндірушілердің тауарларын ілгерілету саласындағы қызметін бағалау. Өңірлік кеңестің, Кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер қауымдастықтарының, кәсіпкерлердің құқығын қорғау басқармасының, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен құралған комиссия мүшелері алғашқы сынақты бастап кетті. Байқаудың басты өлшемдері: жергілікті тауар өндірушілердің тауарларының бар-жоқтығы, жекелеген тауар өндірушілердің азық-түлік қатарының болуы, өнімдердің саны, тауарлардың өту тұрғысынан, шолу, бағыт деңгейінде (солдан оңға немесе оңнан солға) орналасуы. Енді мұндай тексерулер апта сайын қаладағы барлық супермаркеттерге жүргізіледі.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер