«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыдағы жобаларға инвестиция салу жеңілдеді

2016 жылғы 28 Сәуір
- Қарағанды облысы
13712 просмотров

Қарағанды облысының үздік жобалары енді Өңірлік даму картасы арқылы инвесторлар үшін қолжетімді болмақ. Тек таңдау жасап, бірлескен іс-қимылды бастау қажет

Өңірлік даму картасы Қарағанды қаласында өткен «Karaganda Invest–2016»  IV халықаралық инвестициялық форумында таныстырылды.

Барлық әлеуетті инвесторлар пайдалана алатын бірегей ақпарат www.businessmap.kz порталында ұсынылған. Бұл жайында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Төлеміс Шотанов баяндап берді.

«Біз порталда шын мәнінде бүкіл қажетті ақпаратты, табиғи-климаттық жағдайларға дейін жинастырдық.  Бұл ресурсты әзірлеуге өңір туралы өзекті ақпаратқа деген инвесторлардың мұқтаждықтарын толық түсінгендіктен келдік. Әлбетте, инвестор ең алдымен осы өңірдің артықшылықтары туралы және экономикалық мамандану жайында білгісі келеді. Біздің порталда мұның бәрі қамтылған», – деп мәлімдеді өңірлік даму картасын таныстырған Т.Шотанов.

Сондай-ақ, ҰКП басқарма төрағасының орынбасары қазір карта орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейтініне назар аударды, ал таяу уақытта ол мемлекеттік тілге, ал содан кейін қытай тіліне аударылады. Сонымен бірге, оны араб және испан тілдеріне аудару туралы ұсыныстар түсіп жатыр деп қосты ол.

Қазір картаға Қарағанды облысынан 10 жоба орналастырылған. Әлеуетті инвесторларды қызықтыратын тағы 50 жоба жақын арада толық төлқұжатымен бірге назарға ұсынылатын болады. Ең тартымды жобаны таңдай отырып, бизнесмен интербелсенді терезе арқылы дәл сол жерде өз сұрағын жолдай алады.

Форум жұмысына бизнес өкілдерімен қатар, инвестор-компаниялар, ұлттық компаниялар және мемлекеттік органдардан келген 800-ден астам адам қатысты. Қарағанды өңірімен қоса, мұнда Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының жобалары ұсынылған. Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «мұндай формат саналы түрде таңдап алынды» деп атап өтті.

«Барлық өңірлердің мақсаты бір – Қазақстанның экономикалық өсімінің «сандықшасына» өз үлесін қосуы тиіс жаңа жобаларды іске қосу. Форум алаңы барлық өңірлер үшін ашық», – деді ол.

Айтпақшы, басқа облыстардың өңірлік форумға қатысу бастамасы бірінші рет қолға алынғанын атап айтқан жөн.

Пленарлық мәжілістен кейін қатысушылар үш панельдік секция бойынша бөлінді – «Жер қойнауын пайдалану және энергетика: Дәстүрлі салаларға жаңа көзқарас», «Қарағанды облысының агроөнеркәсіп әлеуетін іске асыру» және «Қарағанды облысы – инвестициялардың жаңа көкжиегі».

Сондай-ақ, «Karaganda Invest–2016» IV халықаралық инвестициялық форумы аясында Инвесторлардың өңірлік кеңесінің бірінші отырысы өтті. Өңірде жұмыс істейтін кәсіпорындардың басшыларынан басқа мұнда инвестициялар мен қаржы саласындағы сарапшылар, сондай-ақ орталық органдардың өкілдері кірді.

«Яғни, бұл институттар, біріншіден, бізді инвестициялық саясаттағы қазіргі жағдаймен және өзгерістермен таныстыра алады. Екіншіден, солар арқылы біз өңірде пайда болған проблемалар мен мәселелерді жеткізе аламыз», – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Инвесторлар кеңесі 22 адамнан тұрады. Ереже бойынша, кеңес жылына кем дегенде екі рет бас қосады. Инвесторлар кеңесінің келесі отырысы тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр. Онда инвестициялар тарту жөніндегі стратегия қабылданатын болады.

Форум кезінде жалпы сомасы 1,5 трлн. теңге болатын 151 инвестициялық жоба таныстырылды. Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық шарттарын айқындайтын бірқатар меморандумдарға қол қойылды. 


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнесті французша жүргізу
7 Маусым
2016
Батыс Қазақстан облысы
Бизнестің онлайн-шамшырағы
2 Маусым
2016
Атырау облысы
Қолданыстан тыс жатқан қаржы мен жер
6 Қараша
2015
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер