«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің жол картасы шақырады

2016 жылғы 17 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
8115 просмотров

Көптеген жұмыс берушілер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы қолдау шаралары туралы хабардар емес

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы даярлаған жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру жөніндегі семинарда анықталды.

Семинарда Орал қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар өкілдері «БЖК-2020» бағдарламасының басты бағыттары туралы ақпарат беріп, оның «Оқыту және жұмысқа тұруға көмек беру» деп аталатын үшінші бағытының алғашқы компоненті туралы, кәсіптік даярлау курстары, қайта даярлау, мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті артыру туралы айтып берді. «Бұл семинар бізге «Тұрақты жұмыс орындары», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Оқыту», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстар» секілді жұмыспен қамтудың белсенді шараларының аражігін ажыратуға жәрдемдесті. Біздің кәсіпорындардың, әсіресе қазіргі дағдарыс кезеңінде, өз жұмысшыларын білім алуға, қайта оқытуға, біліктілікті арттыруға жіберуге мүмкіндіктері жоқ. Ал мұнда тегін білім алу, тағылымдамадан өту, даярлыққа уақыт жібермей, дайын маманды жұмысқа алу мүмкіндігі шығып тұр», – деп, алған әсерлерімен бөлісті өндірістік кәсіпорындар өкілдері.

Өндірістердің кадр бөлімі қызметкерлерін оқыту кезінде жатын орынмен қамту, жалақыны сақтау мәселесі қызықтырды. Ұсыныстар да айтылды, мысалы бағдарламада көрсетілген қатысушылар жасын (18-ден 24 жасқа дейін) көбі 24-тен 29 жасқа дейін деп өзгерту қажет деп санайды. Себебі 18 жастағылар әлі колледжде оқымайды. Ал біліктілікті арттыру курстары мен гранттар бойынша қайта даярлауды Қазақстанның өзге өңірлерінде, Астанада, Алматыда өткізуді қажет деп тапқан, себебі ұсынылған мамандықтар тізімінің көбі бойынша оқыту деңгейі өңірдегіге қарағанда анағұрлым жоғары болуы тиіс. «Жұмыспен қамтуға көмектесу «Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің басым бағыттарының бірінен саналады, – деді БҚО Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Әбілқайырова. – Біз мұндай семинарларды көптеген жұмыс берушілерге жұмыспен қамтуға көмектесудің мемлекеттік бағдарламаларының мүмкіндіктерін түсіндіру, кәсіпкерлерді облыс бойынша оқыту мен біліктілікті арттыруға қанша қаражат және грант бөлінетінінен хабардар ету мақсатында өткіземіз. Көп адамдар білім алу немесе өз мамандықтары бойынша біліктіліктерін арттыру үшін аталған бағдарламаларды пайдаланып үлгерді». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер