«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл кәсіпкерлеріне көмек

2016 жылғы 20 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
8933 просмотров

Ауыл кәсіпкерлерінің жай-күйі қалай? Оны дамыту үшін алдымен қандай мәселелерді шешу қажет? Шаруалардың өздерінің пікірінше шаруа қожалықтары кооперацияларының келешегі қандай?

Осы және өзге мәселелер БҚО Кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлік басқармасы, «Даму» КДҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ, «Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ БҚФ, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ өкілдерінің Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарындағы ауыл бизнесі өкілдерімен өткен кездесуі барысында көтерілді.

Ауыл бизнесі өкілдеріне бизнес-жобаларды несиелендіру, кепілдік қамтамасыз ету, бастапқы бизнес туралы сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік туды. Көптеген сұрақтар «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» мен «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдауға қатысты болды. Несиелендіру үшін кепілді АШҚҚҚ, ҚазАгроҚаржы, Аграрлық несиелік корпорациясы арқылы кепілдендіру туралы өтініштер де айтылды. Өйткені ауылды жерлерде мүлікті бағалау құны арзан болады.

Бизнесмендер Кәсіпкерлер палатасы филиалдарына тұрақты түрде көрсетіп тұратын қолдаулары мен көмектері үшін алғыстарын білдірді. «Бұрын-соңды біздің бизнес-жобаларымыз субсидия немесе, несие алғанға дейін бастан-аяқ сүйемелденген емес, – деді ЖК және ШҚ басшылары. – Барлық құжаттарды КҚО кеңесшілері мен филиалдардың директорлары бізбен бірге дайындайды, қажет болса, бізбен бірге облыс орталығына барады, несие алу үшін қаржылық институтты таңдауға көмектеседі. Олармен ешқандай әкімшілік кедергілерден қорықпаймыз, өйткені заңгерлермен шенеуніктердің мүлде басқаша сөйлесетіндерін білеміз». Мысал ретінде «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы жүн өңдеу мен тоқыма бұйымдарын шығаруға несие алған Казталов ауданының «Арай»жеке кәсіпкерлігінің иесі Н.Азаматованың, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасымен қож-блок шығаруға несие алған «Бибі» жеке кәсіпкерлігінің иесі Б.Даумованың, Бөкей ордасы ауданынан «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қож-блок пен пластик терезелер шығаруға несие алған «Аққу» жеке кәсіпкерлігінің иелері К.Шәріпақлиева мен Р.Өттеваның жобалары аталды. Бұл жобалардың барлығын палатаның аудандық филиалдары мен КҚО сүйемелдеген.

«Қазіргі таңда аудандарда Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарына көмек сұрап келмеген кәсіпкерлер жоқтың қасы, – дейді БҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету бөлімінің бастығы Мақсат Құланбаев. – Осы жылдың бес жарым айының ішінде ғана кәсіпкерлікті қолдау орталығы 3386 қызмет көрсетті. 2015 жылы құрылған құрылым оң рөл атқарды. Әр ауданда Палата филиалдары директорларынан бөлек КҚО бар. Онда әр ауданда екі кеңесшіден жобаларға кеңес беріп, сүйемелдейді. Біздің қызметкерлердің бизнесін жүргізіп жатқан немесе әлеуетті бизнес өкілімен жұмыс істеуге, әр ауылдық округке баруға мүмкіндіктері бар. Бұл өзінің оң нәтижелерін берді: 205 жылда ғана КҚО-ның көмегімен 151 кәсіпкерлік субъектісі жобаларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 621,9 млн теңгеге қаржыландырылды, 116 жаңа кәсіпкерлік субъектісі ашылды».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер