«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Агробизнес-2020» шаруалардың тынысын ашты

2016 жылғы 22 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
20884 просмотров

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

Оған «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы үлкен демеу болып отыр. «Сыбаға», «Алтын Асық», «Құлан» бағдарламалары аясында биылғы жылдың аяғына дейін мал өсірумен айналысатын шаруалар жоспар бойынша 491 ірі қара мал басын, 775 қой, 200 бас жылқы әкелуі тиіс. Асқар Ережепов – «Ақжайық» ауданындағы ата кәсібін жалғастырып келе жатқан малшы, «Гаухар» ШҚ басшысы. Ісін аздан бастаған оның иелегінде бүгінде 55 ірі қара мал бар. Шабындық пен жайылымдық жерлері, жеке техникасы бар. «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 8 млн 500 мың теңгеге тең несиені жеңілдікпен алған ол 300 бас қой сатып алған. Бүгінгі күні осы бағдарлама бойынша 10 асыл тұқымды қошқар алуға құжаттар даярлап жатыр. «Шаруаларға арналған «Алтын Асық» бағдарламасы – бұл қиын жағдайдан шығудың тиімді жолы, – деп санайды Асқар. – Бағдарлама бойынша қарастырылған несиелер біз үшін қажет және қолжетімді. Оған қоса, несие бойынша кейінге шегеруде бар. Асыл тұқымды мал үшін мемлекеттен субсидия аламын. Бұл да менің қожалығым үшін жақсы көмек болмақ».

Биылғы жылдың басынан бері Шалқар ауылдық округында «Құлан» бағдарламасын жылқы шаруашылығын дамытуға үш шаруа қожалығы пайдаланған. Мысалы, «Тұмар» ШҚ 10 млн теңгеге 60 құлынды бие сатып алған. Дәл осы округтың «Жаңа Өрлеу» шаруа қожалығы да жылқы шаруашылығын дамыту үшін 15 млн теңгеге құжаттар даярлаған.

«Тұмар» шаруа қожалығының басшысы Руслан Лұқпанов «Құлан» бағдарламасы – жылқы шаруашылығын дамыту үшін мықты қолдау екенін айтып өтті. «Елбасы, қазіргі таңда, бізге, фермерлерге отарлар мен табындарды арттырып қана қоймай, асыл тұқымды бағыттарды дамыту керек дейді. Мал басы артып, қымыз, ет сату мүмкіндіктері де артады. Жоспарда ферманы кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын құру бар», – деді ол.

Кәсіпкерлер палатасының Теректі ауданындағы филиалының директоры Нұрбек Айтбаевтың айтуынша, мал сатып алуды қаржыландыратын «Агробизнес-2020» аясындағы бағдарламалары өте ыңғайлы. Сонымен бірге, олар ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізіп отыр. Бұл бағдарлама бойынша жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14%-ға тең несиелер 10 жылға беріледі. Олардың 7%-ын мемлекет субсидиялайды, екі жылға несиелік каникул беріледі. Тек кепілдемелік қамсыздандыру болса болды.

«Ауданда сүт-тауарлық өндірістерді дамыту жөніндегі жұмыстар белсенді түрде жұмыс жасауда. Подстепновский ауылдық округіндегі «Ақжайық» ЖШС былтыр Ресейден симменталь сиырының 25 басын сатып алған, ал биыл тағы 50-ін сатып алуда. Мал басын 100-ге жеткізу жоспарланып отыр. Айта кету керек, дәл осы қожалық «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы шаруашылығын дамытуға 40 млн теңге сұрап, өтінім берген. «Төлеңгіт» шаруа қожалығында 100 бас сиырға арналған сүт-тауарлық ферма құрылысы жүзеге асуда. Бүгінгі күні электр желісі тартылуда. Осы жылдың күзіне қарай малдар әкелінеді. Аграрлық несиелік корпорациядан несиелер алған Подстепновский ауылдық округіндегі «Жақсымбетов» ШҚ биылғы жылдың басынан бері 245 герефорд тұқымды мал басын әкелген», – деді Нұрбек Айтбаев.

«Мемлекеттік қолдау бағдарламалары көптеген ауыл тұрғындарын малшаруашылық өнімдер өндірісі мен қайта өңдеуге ынталандырады, – деді Палатаның аудандық филиалының директоры. – 2017 жылға дейін ауданда сүт өнімдерін қабылдау мен қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорын құру жоспарланып отыр. Бұл сүтты жекеменшік секторға да, шаруа қожалықтарына да өткізуді анағұрлым жеңілдетер еді». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер