«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Айыппұлдың орнына құнды кеңес

2016 жылғы 29 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
7744 просмотров

Жүк тасымалдаушыларға көліктік бақылау саласындағы заңнама тура күрежолдың бойында түсіндірілуде

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысында кәсіпкерлердің көліктік бақылау инспекциясының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттеріне жасаған шағымдары талданды. Сонымен, көлік прокуратурасына келіп түскен алты өтініштің төртеуі Батыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің әрекеттеріне қатысты келген. Оған қоса, кәсіпкерлер үлкен жүктерді өлшеу процесі кезіндегі көлік құралының барлық біліктерінің тегіс орналасуын қамтамасыз ететін арнайы алаңқай мен өлшеуге арналған қосалқы заттардың жоқтығына шағымданған. Әрі кәсіпкерлерді жүкті екі есе асырып жібергендері үшін жүк тасымалдаушы ретінде де, жүкті жіберуші ретінде де жиі әкімшілік жауапкершілікке тартады екен. Яғни олар айыппұлды екі есе көлемде төлеуге мәжбүр.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кеңесі бойынша автомобиль арқылы жүк тасымалдаумен айналысатын бизнесмендермен сол жерлерде кездесулер мен әңгімелесулер өткізу тапсырылды. «БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясы Кәсіпкерлер палатасы мен көлік прокуратурасы өкілдерінің, бизнесмендердің қатысуымен Орал-Самара күрежолында қоғамдық қабылдау өткізді. Науқанды ұйымдастырушылар 50-ден астам көлік жүргізушіге көліктік бақылау саласындағы қазіргі заңнаманың талаптарын түсіндіріп, Кәсіпкерлер палатасының қызметі мен құқықтары бұзылған кәсіпкерлерді қорғау туралы нақты деректерден келтірді», – дейді БҚО Кәсіпкерлер палатасы құқықтық блогының сарапшысы Саид Садаров.

Оның айтуынша, мұндай шараны бұрын-соңды көрмеген жүргізушілер мұны кезекті тексеріс деп ойлаған. «Таңырқаған кәсіпкерлерге бұл жолғы барлық тексерулер мен әңгімелесулер алдын алу және түсіндіру сипатында жүргізілетінін түсіндірдік», – дейді сарапшы.

Қабылдау қорытындысы бойынша туындаған мәселеге жедел жауап қайтарып, нақты шаралар қолдану мақсатында уәкілетті органдарға автокемпингтерге сенім телефондары көрсетілген стендтер, баннерлер мен жүк тасымалдаушы кәсіпкерлер үшін өтініштер салатын жәшіктер орналастыру ұсынылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер