«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ет өндірісіне – 300 млн теңге

2016 жылғы 31 Тамыз
- Ақтөбе облысы
13746 просмотров

Ақтөбеде мемлекет консерві өндірісіне субсидия бөледі

Ақтөбеде жаңа цехта 5 мыңнан аса банкі консерві шығарылады. Нысанды ашу Конституция күніне орайластырылды және өңірдегі «Айбек» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі кешенді ет комбинатын іске қосудың екінші кезеңі саналады. Бірінші кезеңінде, яғни 2008 жылы өңірде соғым цехы ашылған еді. Консервілер өндірісіне арналған цехта бұқтырылған сиыр, жылқы, қой еті мен ботқалардың 5 мыңдай банкісін шығару жоспарланған.

Жобаны қаржыландырған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз-орталығы таратқан мәлімет бойынша, жаңа өндірісті ашу 50 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ет комбинатын жандандыруға 300 млн теңге бөлген. Компания өкілдері ұсынылған несиені өтеу мерзімі 7 жыл екенін айтады. Несие 14%-дық жылдық мөлшерлемемен берілген, оның 7%-ын мемлекет субсидиялайды. Несиенің құнына жақын маңдағы шаруа қожаларынан ет сатып алуға кететін қаражат салынған. Цех өңірдің консервіге деген сұранысын өтеп, нарықты қазақстандық құрам өнімдерімен толтыруға, сондай-ақ, Ақтөбе облысында қайта өңдеу мәселесін шешуге ықпал етеді деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер