Кәсіпкер бұйрықтағы олқылықты байқады
Кәсіпкерлер мемлекеттік органдардың бұйрықтары мен нұсқауларын мұқият тексеретін болды
Кәсіпкерлер Өңірлік палатаға мемлекеттік органдардың бұйрықтары мен нұсқауларын тексеруге өтініш білдіріп жиі жүгінеді.
«Бұл дегеніміз, біздің кәсіпкерлеріміздің, бұрын мән бермегенімен, қазір мемлекеттік органдардың бұйрықтарымен мұқият танысып жатқанын білдіреді, – дейді кәсіпкерлер құқығын қорғау бөлімінің сарапшысы Валентина Гаршина. – Сондай-ақ құзырлы органдар да тексеру тағайындай отырып, қателіктерге бой алдырмауға тырысады. Өйткені олардың әрекеті прокуратура органдары мен Кәсіпкерлер палатасының қадағалауында».
Бизнес субъектілерінің өтінішін шешу кезінде Палатаның құқықтық блок сарапшылары прокуратура орындарымен және басқа да қадағалаушы органдармен бірлескен қызмет туралы жасалған Меморандумдар аясында бірігіп жұмыс істейді. Мұның негізгі мақсаты бизнес субъектісінен келіп түскен өтініштерді заңды түрде шешу, сондай-ақ Палатаға олардың тарапынан жасалған сенімсіздікті жою.
Оған мысал ретінде, «Ақсай тазалық KZ» ЖШС директоры Михаил Брановтың Палатаға жүгінуін келтірсек болады. Кәсіпкер өзінің Палатаға жолдаған өтінішінде «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» басшысының тендерді өткізу барысында шығарған бұйрығын тексеруін өтінген.
Кәсіпкер заңнамаға сай емес бірнеше сәйкессіздіктерді және де тендерді өткізу бұйрығында болуы тиісті белгілі бір шаралардың жоқ болып шыққанын анықтаған.
Құқықтық блок сарапшылары, өтініште келтірілген дәлелдерді анықтап, аудан прокуратурасының тексеруіне жіберу керек деп шешім шығарады. Палатаның пікірі Бөрлі ауданының прокурорының тиісті тексерулер жүргізуіне негіз болды. Соның нәтижесінде мемлекеттік орган кәсіпкер күмән келтірген бұйрықтың күшін жойды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: