Қайырымдылық жобасында жұлдызы жанды
«Жұлдыздарға қара» жобасында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер грант иегері атанды
Екінші топ мүгедегі, «Арай» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Насибулла Азаматов бір жылдан астам уақыттан бері кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Ол көрпе, қыз жасауы және тағы басқа осындай заттарды әзірлеумен айналысады. Оның шағын кәсіпорнында өзінен бөлек үш адам жұмыс істейді. Олардың бірі жүнді жуумен, екіншісі түтумен, үшіншісі тігумен айналысады.
Ол кеңес алу үшін үнемі Кәсіпкерлер палатасының Қазталов ауданындағы филиалына барады. Міне, дәл сол жерде Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері оған мемлекеттік қолдауды пайдаланып, «Жұлдыздарға қара» атты қайырымдылық жобасына қатысуға кеңес берген. Аталған жоба мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әрі кәсіпкерлік қызметтің көмегімен бизнес-идеяларды мақсатты дамытуға гранттар бөлу арқылы әлеуметтік теңсіздікті еңсеруге бағытталған.
Кәсіпкер байқауға қатысуға өтінім беріп, Палата филиалы кеңесшілерінің көмегімен құжаттарын жинады. Нәтижесінде «Жұлдыздарға қара» жобасының грантын жеңіп алып, тігін машинасы мен мата торлауға арналған аппаратқа қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.
«Палата болмаса мен бұл мүмкіндік туралы білмес те едім, - дейді кәсіпкер. –Бұл жерге біз кез келген сұрақ бойынша көмек сұрап келеміз, бізге әрдайым көмектерін беріп, қолдау танытады».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: