«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске даңғыл жол!

2016 жылғы 25 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
10158 просмотров

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің беделі күн өткен сайын артып келеді

Палата құрылған кезден бастап Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес 26 отырыс өткізген. Оның ішінде биыл 7 отырыс ұйымдастырылған. Биылғы жылы Кеңес отырысында енгізілген 25 өзекті мәселенің 13-і оң шешім тапты. Естеріңізге сала кетсек, Кеңес қарауына кәсіпкерлік субъектілерін алаңдатып отырған аса күрделі мәселелер шығарылады.

Мысалы, 2015 жылдың 22 мамырында Кеңестің кезекті отырысында «Бизнес Адал» ЖШС, «Форум» сауда орталығы, «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалдары, «Fortebank» АҚ, «Сбербанк» АҚ және басқаларының бірлескен өтініштері қаралған еді. Олар өтініште Мұхит көшесі бойынша, Сарайшық көшесінен бастап Ж.Молдағұлова көшесіне дейінгі екі бағытта жүретін қозғалыстың ашылуына байланысты мәселеге араласуды сұраған. Айта кететіні, бұл мәселені құзіретті органдар 6 жылдан астам уақыт шеше алмай келеді. Кеңес аталған мәселе жөнінде БҚО Ішкі істер департаментіне хат жолдайды, ондағылар нақты себептер көрсетілмейінше, екі бағытта жүретін қозғалысты ұйымдастырудың мүмкін емес екендігі туралы ресми жауапхат жіберген.

Құзырлы органдардың аталған мәселені шешудегі немқұрайлығынан бизнес субъектілері Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Хайдар Қапановтың атына қайтадан өтініш жазды.

2016 жылдың 28 қыркүйегінде БҚО Ішкі істер департаментінің басшысы Махсұдхан Әбләзімовтың атына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай, жоғарыда айтылған мәселені қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің мүдделерін  басшылыққа ала отырып, қайта қарау туралы хат жолданады.

Ол істі қарауды Х.Қапанов тікелей өз бақылауына алды. ІІД басшылығымен де бірнеше рет келіссөздер жүргізіледі. Нәтижесінде – аталған мәселе шешімін тапты.

Орал қаласы бизнес-қауымдастығының кәсіпкерлері , БҚО бойынша «Банк Центр Кредит» АҚ филиалдары, «ForteBank» АҚ, «Альфа Банк» АҚ, «Сбербанк Ресей», «Форум» сауда орталығы, «Бизнес Адал» ЖШС Өңірлік палатаға, жалпы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мәселелерді бизнестің пайдасына шешіп бергені үшін алғыс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер