«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жөндеуді бастамас бұрын кәсіпкермен ақылдас

2016 жылғы 27 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
6520 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу кезінде құқықтары бұзылған бизнес субъектілерінің мәселелері талқыланды

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасының аясында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша, мердігер ұйымдарды тарту арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында жүргізіліп жатыр. Алайда жергілікті атқарушы органдар  анықтағандай, мердігер ұйымдар көппәтерлі үйлерде бизнес нысандарының болғанын есепке алмастан жұмыс жүргізіп отыр. Шараны жүзеге асыру барысында кәсіпкерлік қызметке нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар анықталды.

Мұндай құқықбұзушылықтар тұрғын үйлерде бизнес нысандарының болғанын ескермегеннен пайда болады. Одан кейін де мұндай мәселелер жүйелі түрде туындай бергендіктен, ол Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің қазандағы кезекті отырысында талқыланды.

Кеңесте үйлерді күрделі жөндеуден өткізу барысында екі аудандағы бизнес субъектілерінің құқықтары бұзылу мәселелері қаралды. Олар: Ақжайық және Бөкей ордасы аудандары. Кәсіпкерлер палатасы Ақжайық ауданы филиалының директоры Нұрболат Жаңатауов Кеңес мүшелеріне кәсіпкерлік субъектілері құқықтарының бұзылу дерегі туралы баяндады.

Ауданда көппәтерлі үйлерді жөндеу кезінде «Кубашева С.Н.» ЖК, «Мендыгалиева Б.С.» ЖК және «Найзабеков Г.Г.» ЖК құқықтары бұзылған. Өйткені келісімшартта, мердігерлер орындамаған жұмыстардың жеке түрлері көрсетілген. Мысалы, терезелерді ауыстыру, кәріз жүйесі мен сумен жабдықтау сынды жұмыстарды кәсіпкерлер өздері жүргізіп қойған болатын. «Алда мұндай заңсыздықтарды болдырмау үшін, аталған мәселе ашық талқылану керек деп есептеймін», – дейді Нұрболат Жаңатауов.

Бөкей ордасы ауданында осындай құқықбұзушылық деректерін анықтау барысында, артық шығындар жұмсалғаны және жұмыстарды орындау кезінде кемшіліктердің орын алғаны белгілі болды.

Кәсіпкерлер палатасы Бөкей ордасы ауданы филиалының директоры Бибігүл Жұмағұлова аудан әкімімен, аудандық әкімдіктің өкілдерімен, үміткерлер мен мердігер ұйымдармен бірге кездесу ұйымдастырды. Кездесу нәтижесінде кемшіліктерді жою және осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралардың жоспарын жасау жөнінде шешім шығарылды.

Басталған азаматтық іс бітімгершілік келісімін жасаумен аяқталды. Яғни мердігер ұйым аудан кәсіпкерлерінің дәлелдерімен келісті.

«Аталған келеңсіздік – мәселелерді бизнестің пайдасына шешуге болатынын көрсетті. Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта да, осы сынды мәселелерді шешу үшін, кешенді құқықтық көмек көрсететін болады, – деді Өңірлік палата директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, Кеңес хатшысы Нұржан Мақсұтов. – Жалпы, жергілікті атқарушы органдарға, әкімдіктерге осы сынды құқықбұзушылықтар туралы хабарлап отыру, ал тапсырыс берушілер мен мердігер ұйымдарға – келісімшартты жауапкершілікпен, мұқият толтыру ұсынылды».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер