«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік органмен хат алмасу шарт емес

2016 жылғы 14 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
9323 просмотров

Палата сарапшыларының ұйымдастыруымен Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдері арасындағы кездесулер оң нәтиже беруде

«Белгілі бір мәселелер бойынша кәсіпкерлер мен өкілетті органдардың басын қосатын жүйелі кездесулер кейде оң нәтиже беріп жатады, – дейді құқықтық сарапшысы Валентина Гаршина, – Ондай кезде  хат алмасу мен ресми шешім шығарудан құтыламыз. Екі жақты кереғарлықтың түп себебін анықтап, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіреміз, қадағалаушы органдардың санкциясына ұшырамай, шешім табуға тырысамыз. Көп жағдайда пролемалардың түйіні шешіліп жатады».

Палата алаңындағы мұндай кездесулер жеке кәсіпкерлерге де, кейде мұң-мұқтажы ортақ кәсіпкер қауымына да арнап өткізіледі. «Лабзенева Е» ЖК-ға сондай көмек көрсетілді. Қалалық тұтынушылардың құқын қорғау басқармасы жеке кәсіпкердің сертификатынан санитарлы-эпидемиологиялық заңнама талаптарына сай емес заңбұзушылықты анықтаған. Елена Лабзеневаға мыңдаған айыппұл салынбақ еді. Кәсіпкермен кездесу кезінде басқарма мен прокуратура өкілдері кәсіпкердің шағын бизнесі дағдарыстың салдарынан ауыр жағдайда тұрғанын ескерді. Ол сату көлемінің азаюына байланысты өнімдерін бұрынғыдай Алматыдан емес, Оралда әкеліп сатқан. Сондықтан Алматыдағы сертификаттың түпнұсқасына қолы жетпей, оны Оралдың бөлшек сауда базарынан ала салған. Нәтижесінде мәселе кәсіпкердің пайдасына шешіліп, ол айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартылмайтын болды.  

Осыған ұқсас шешім жеке кәсіпкер Денис Астафьев пен Орал қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілі арасындағы кездесу кезінде де қабылданды. «Астафьев Д.Е» ЖК-ге тиесілі «Денвик» дүкеніне басқарма тарапынан тағайындалған тексеріс тоқтатылды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының атына бизнесті сақтап қалуға әрі дамытуға қосқан қамқорлығы үшін кәсіпкерлер атынан алғыс хаттар келіп түсуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер