«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ойын бизнесін заңды түрде ұйымдастырған жөн

2016 жылғы 17 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
9982 просмотров

Лоторея бизнесімен айналысатын кәсіпкерлер, көп жағдайда, құқық қорғау органдарының назарына ілігіп жатады.

Кәсіпкерлер заңсыз ойын бизнесін ашып,  жауапкершілікке тартылмауы үшін,  Өңірлік палата «Лоторея және лоторея қызметі туралы» ҚР Заңын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Лотореяны ұйымдастырушылар, аталған қызмет түрін жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензиямыз бар және лоторея терминалдары лотореяны өткізу және оны ұйымдастыру талаптарына сай келеді деген пікірді ұстанып отыр.

Құқықтық блок сарапшысы Әсия Басанбаева, кәсіпкерлерге Заң бойынша, лоторея операторы болып саналмайтын тұлғаға лоторея өткізуге тыйым салынатынын айтты. Сонымен қатар, Заңда қарастырылмаған лотореяларды өткізуге де тыйым салынған екен. Аталған ереже биылғы жылдың 2 қарашасынан бастап өз күшіне енген. Осылайша, мемлекет лоторея нарығын қадағалау және оны көлеңкелі айналымнан шығаруға қатысты шараларды қолға алды.

Әсия Басанбаеваның айтуынша, БҚО аумағында, 18 ойын орындары тіркелген. Олардың барлығы дерлік, яғни, 18-і букмекерлік кассаларға тиесілі дейді маман. Қолданыстағы заңға сай, бюджетке ай сайын әр кассадан 150 АЕК көлеміндегі төлем алынады екен.

Соңғы жылдары, еліміздің әр қаласында белгілі бір мекемелерде лоторея терминалдары орнатылған. Қолға алған іс-шараларға қарамастан, лоторея терминалдарының саны азаймай, керісінше артып келе жатқандығы байқалады.

Осылайша, ойын бизнесімен айналысатын кәсіпкерлерге, «Лоторея және лоторея қызметі туралы» Заңға сәйкес, лоторея қызметін ҚР Үкіметі анықтайтын бірыңғай оператор жүзеге асыратыны туралы айтылды. Сонымен бірге, кәсіпкерлерге «лотореялық терминалдар» лотореяға жатпайтынын және терминалдар қызметін ұйымдастыру заңсыз екені түсіндірілді. Сондай-ақ, сауда үйі өкілдеріне аталған терминал иелерімен арада жасалған жалға беру келісімшарттарын бұзу қажеттігі ескертілді.

Кәсіпкерлік субъектілеріне Заң өз күшіне енген күннен бастап, өкілетті органдар жедел-алдын алу шаралары өткізетінін хабарлады. Айта кетерлігі, мұндай шаралар «лоторея терминалдары» қызметіндегі заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.

«Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлерді аталған бизнес түрімен заңды түрде айналысуға шақыру. 2015-2016 жылдары заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны жөнінде 41 дерек тіркелген. Оның ішінде 18 дерек букмекерлік кеңсе қызметін ұйымдастыруға, 22 дерек – заңсыз лоторея терминалдары қызметін ұйымдастыруға, 1 дерек – казино жұмысына қатысты болған», – деп  қорытындылады Әсия Басанбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер