«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тауар тасымалының жаңа тәртібі

2017 жылғы 30 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
5810 просмотров

Бухгалтерлер клубы отырысында алыс-жақын шетелдерден тауар тасымалдайтын импорттаушылардың сауалдарына жауап берілді

Батыс Қазақстан облысы Ресей Федерациясының бес облысымен шектесетіндіктен, мұндағы кәсіпкерлер үшін тауарларды тасымалдауға қатысты мәселе өзекті болып табылады. 

Сол себепті, Кәсіпкерлер палатасында өткен Бухгалтерлер клубының кезекті отырысы, Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында тауарларды әкелу және әкету жөніндегі ережелерге қатысты болды.

Кездесу барысында, Мемлекеттік кірістер дапартаменті өкілдері, Кедендік одақ аясында, ЕАЭО елдеріне әкелінетін және осы елдерден әкетілетін  тауарларды рәсімдеу тәртібін, ЕАЭО пен БКТ (бірыңғай кедендік тариф) баж салығымен салыстырғанда, әлдеқайда төмен мөлшердегі кедендік салық қолданылатын, ДСҰ-ға енуіне орай қабылданған талап ретінде ҚР-дағы міндеттерге сәйкес Тауарлар тізіміне енгізілген тауарларды әкету тәртібін түсіндірді. Ал, ішкі экономикалық қызметке қатысушы-кәсіпкерлер мен бухгалтерлерге, ДСҰ-ның импорттық баж кедендік салығы мөлшерлемесі қолданылатын тауарды, ҚР аумағынан тыс жерге және ЕАЭО елдеріне әкетуге болмайтыны баяндалды. Өйтпеген жағдайда, заң бойынша, тауарды пайдалануға рұқсат берілмейді екен, тіпті, оны жоюға тура келеді.

Осылайша, тауарларды тек кеден одағындағы сыртқы экономикалық қатысушылардың кедендік тарифтеріндегі БКТ мөлшерлемесіне сәйкес рәсімделген және мемлекеттік кірістер органдарының тауарды сатуға қатысты рұқсат беру құжаттары ұсынылған жағдайда ғана әкетуге рұқсат беріледі.

Дөңгелек үстел қатысушылары, ДСҰ аясында әкелінген тауарларды бақылау ісі күшейтілетінін алға тартты. «Біз кәсіпкерлерді үнемі ҚР, ЕАЭО және ДСҰ заңдарындағы өзгертулер мен түзетулерді түсіндіру мақсатында, шақырып тұрамыз, – деді ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімі басшысы Эльмира Үтешова. – Бұл ережелерді орындамаса, көп мөлшерде айыппұлдар мен санкциялар салынады, сол себепті біз сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары мен бухгалтерлер осындай санкцияларға душар болмасын деген мақсатпен осындай кездесулер ұйымдастырып жүрміз. Яғни, қандай жағдай болмасын, алдын ала ескерткен жөн».

Сондай-ақ, кәсіпкерлер тарапынан электронды шот-фактураларды рәсімдеуге қатысты сауалдар қойылды. Бұл ретте, тәжірибелі бухгалтерлер көп жағдайда ЭШФ-ны рәсімдеу барысында көптеген түсініспеушіліктерге тап болып жатады екен. Осы орайда, кездесу қатысушылары екі заңның – ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңы мен ҚР Салық Кодексі бір-біріне қарама-қайшы келетінін тілге тиек етті. ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңына сәйкес, ЭШФ-ны міндетті түрде енгізу мәселесі қарастырылған, ал ҚР Салық кодексіне сай, ЭШФ-ны беру мерзімі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана енгізіледі. Сонымен бірге, ДСҰ Хаттамасы өз күшіне енгенге дейін әкелінген, көп жылдық тауарды қайта әкету жағдайында, ЭШФ-ны беру мәселесі де назардан тыс қалмады.

Аталған сауалдардың барлығына нақты жауап беріліп, қатысушылар бұған өз алғыстарын білдірді. «Бухгалтер клубында біздің мәселеміз қаралып, нақты жауаптар берілді, – дейді «Руслан» Жиһаз салоны» ЖК бас бухгалтері Анар Шамшитдинова. – Бұл жерде біз өз тәжірибемізде жиі ұшырасатын барлық сауалдарға жауап тауып жатамыз. Сол себепті біз ешқашан ресми шақыртуды күтіп отырмаймыз, үнемі өзіміз хабарласып, сауалдарымызды жолдап жатамыз. Палатада бізге бәрін егжей-тегжейлі түсіндіріп береді». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер