«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер өз құқығы бұзылса, қайда барып шағымданатынын біледі

2017 жылғы 31 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
6498 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғалы бері Батыс Қазақстан облысында бизнес құқығын қорғайтын кәсіби құрылым қалыптасты

Бизнес субъектілерін қорғау жөніндегі функцияларды Өңірлік палатаның құрылымдық бөлімшелерінен бөлек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің аппараты мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес өңірлік деңгейде жүзеге асыруда. Тұрақты түрде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес БҚО Кәсіпкерлер палатасы жанынан 2014 жылдың 20 қаңтарында құрылған. Оның құрамына заңгерлер, бизнес-қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының, сонымен бірге құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылғаннан бастап барлығы 33 отырыс өтіп, онда 50-ден астам материал қаралды.

Ауылдық жерлерде көшпелі отырыстар өткізу Кеңес жұмысының жаңа форматтарының бірі саналады. Былтыр мұндай көшпелі отырыстар Ақжайық, Зеленовский, Бөрілі, Тасқали және Сырым аудандарында өткізілген.

Кеңес төрағасы Қайдар Қапановтың айтуынша, олардың негізгі мақсаты – адал ниетті және заңға бағынатын кәсіпкерлерді ұсыну және қорғау. «Өзімізге де, әлдекімнің ұжымдық мүддесіне де лоббистік жасамаймыз, – деді Қайдар Қапанов, – нақтырақ айтсақ, ШОБ-тың түйткілді мәселелерін анықтап, оларды сауатты түрде саралап, өңірдегі бизнесті қорғайтын жеке Жол картасын жасап шығарамыз».

Қарастырылған жүйелі түйткілді мәселелерді талдау нәтижелері бойынша құқықтық бөлім сарапшылары бизнестің анағұрлым осал тұстарын анықтады. Олар жергілікті атқарушы органдардың рұқсат беру процедуралары, салықтық даулар, мемлекеттік сатып алулар мәселелері және т.б.

Тұтас алғанда, 2016 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерінен 500-ден астам (ауызша және жазбаша) шағым келіп түскен. Олардың 19%-ы  жер және салықтық дауларға, 13%-ы мемлекеттік сатып алуларға,  құрылыс пен сәулетке, 10%-ы рұқсат құжаттарын алуға, 6%-ы бизнестің екі субъектісі арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға, қалған 1-2%-ы тағы басқа мәселелерге қатысты екен.

3 жыл ішінде Палатаның араласуымен кәсіпкерлердің жалпы құны 1 млрд 758 млн 847 мың теңге болатын мүліктік сипаттағ  проблемалары шешілді.

Мәселен, Кеңестің соңғы отырыстарында қаралған мәселелердің бірі 2016  жыл бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қарыздарын өндіріп алу жөніндегі сот актілерін орындау болды. Бұл мақсатты жүзеге асыруға кәсіпкерлер жағындағы мемлекеттік органдар тартылды.

Бұл мәселені Кеңес талқысына салуға Бөрілі ауданы әкімдігінің ұзақ уақыт бойы 50 млн теңге көлеміндегі қарызды қалалық коммуналдық шаруашылықтан кәсіпкерлер субъектілерінің пайдасына өндіріп алу туралы 28-шы атқарушы істі орындамауы себеп болған.

Қазақстанның бизнес-омбудсмені Болат Палымбетовтың араласуының арқасында бұл проблема шешіле бастады. Нәтижесінде 20 млн теңгеден астам қаржы қайтарылып, қалған сома кәсіпкерлік субъектілерінің шоттарына алдағы уақытта түспек.

Сонымен бірге, Палатаның арқасында заңбұзушылықтарға жол бергені үшін, 10 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Кеңестің кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қызметінің тиімділігіне келесі факторлардың арқасында қол жеткен: біріншіден, оның талқылауына көптеген кәсіпкерлерді толғандырып жүрген жүйелі проблемалар шығарылады, ал екіншіден, вертикальды құрылымның құрылуын есепке ала отырып, Кеңес өңірлік проблемаларды республикалық деңгейге шығаруға қауқарлы.

Кеңесте талқыланатын мәселелерді алдын ала әрі жан-жақты талдау оң нәтиже берді. Материалдардың сапасы ғана емес, бизнес субъектілерінің бұзылған құқықтарын қорғау жолдары мен тәсілдері жасалды.

Кәсіпкерлер құқығы жөніндегі Кеңес бастамасы бойынша Орал қаласы жер комиссиясының жұмысына қатысты мәселелер Өңірлік кеңес отырысында талқыланған. Нәтижесінде қалалық жер комиссиясының жұмысы мен жер телімдерін беру процедураларының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі толық жоспар жасалынды. Бұл жобаны Орал қаласы әкімдігі жұмыс барысында қолдану үшін қабылдаған.

Прокуратура органдары құқықтық мәселелер бойынша Палатаның бизнесті қорғаудағы стратегиялық серіктесі саналады. Облыс прокуратурасымен арадағы меморандум аясында түрлі бағыттар бойынша жұмыс топтары құрылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің қызметін заңсыз тексеру және де кәсіпкерлердің жанайқайына жедел назар аудару үшін мобильді топ жұмыс жасайды. Оның аясында кәсіпкерлер шағымы бойынша мобильді топ 15 рет оқиға орнына барған. Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі заңнаманың қолданысына бірлескен талдау жасалынды.

Мәселен, бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдардың рұқсат процедураларынан өтуіне қатысты талдау жасалған. Талдауда түрлі жағдайлардан мысал келтіріліп, оған жекелеген кәсіпкерлер қатысты. Оның қорытындысы бойынша бизнес субъектілері құжаттарды рәсімдеу кезінде түрлі күрделі проблемалармен бетпе-бет келетіні анықталды. Осының нәтижесінде ҰКП-ға қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бірқатар ұсыныстар жолданды.

Прокуратура органдарымен өзара әрекеттестік жасау формаларының бірі – бизнес субъектілерінің шағымдарын бірлесе қарау.

Мысалы, ӨКП Орал табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесе отырып, «АзияМеталл Инвест» ЖШС шағымын қарады. Ол Табиғи ресурстар басқармасы филиалдың жекеменшік ғимараты жоғын сылтауратып, металл сынығын жинауға лицензия бермегені үшін шағымданған. Прокуратураның талабымен кәсіпкердің шағымы қанағаттандырылған.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес пен мемлекеттік орган өкілдері Палата алаңында кәсіпкерлерді тұрақты түрде қабылдап отырды. Бұл мүмкіндікті бүгінгі таңда 63 кәсіпкер пайдаланған (37 кәсіпкерді қамтыған 8 қабылдау өткізілген). БАҚ-та заңнаманың қандай да бір талаптарын түсіндіретін арнайы айдар ашылған.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы БАҚ-тың белсенді атсалысуымен өтеді. Барлық шаралар теледидар, баспасөз және электронды басылымдарда насихатталады.

Сонымен бірге, көтеріп отырған проблемаларды толық көлемде шешу әрдайым мүмкін болмайтынын атап айту керек. Жекелей алғанда, ауыл кәсіпкерлері бизнесті дамытуға берілетін кепілсіз несие көлемін арттыруға қатысты ұдайы өтініш білдіреді, ал алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлер болса, ол өнімдерді сатуға арналған жыл сайынғы лицензиялық төлемдер мөлшерін азайту туралы мәселені алға тартады, жүк тасымалдаушылар бүгінде жауын-шашынды кезеңде ҚР автокөлік жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілетін параметрлері проблемасына тап болған.

Дегенмен де, қазіргі таңда түйіні шешілмеген барлық мәселелер бақылауға алынған. Мемлекеттік және өкілетті органдардың жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Атап айту керек, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, КП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Қайдар Қапанов «Атамекен» ҚР ҰКП 3-дәрежелі медалімен марапатталған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер