«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бюджетті кәсіпкер құқығын бұзбай толтыру қажет

2017 жылғы 06 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
5380 просмотров

Статистикалық мәліметтер бойынша кәсіпкерлердің салықтық әкімшіліктендіруге қатысты өтінімдері көп

2015 жылы Өңірлік кәсіпкерлік палатасына 24 кәсіпкер, 2016 жылы 28 кәсіпкер салықтық әкімшіліктендіру бойынша шағым түсірген. Осыған байланысты Кәсіпкер құқығын қорғау кеңесінде бұл мәселелер қаралған болатын. Кеңестің кезекті отырыснда салық мәселесі талқыланып, ӨКП салықтық әкімшіліктендіру саласының сарапшысы Валентина Гаршина баяндама жасады.

Маманның айтуынша кәсіпкерлерден түскен шағымдардың басым бөлігі негізсіз салықтық тексерулер, тексерулер қорытындысымен келіспеу, жалған кәсіпорындармен келісімшарт жасағаны үшін салықтар төлемдерін көбейту, әкімшілік жазалардың негізсіздігі мәселелеріне арналған.

 Мемлекеттік кірістер басқармасына 2016 жылы түскен шағымдар саны 2015 жылымен салыстырғанда екі есе өскен, атап айтсақ, олардың көлемі 69-дан 136 өсіп, ал шешімін тапқан арыздар саны 2 есе азайып отыр. Егер 2015 жылы 69 шағымның 29-ы (42%) оң шешім тапса, 2016 жылы 136 шағымның тек 30 (22%) ғана шешілген.  Мәселен биыл қаңтар айында Өңірлік кәсіпкерлер палатасынан «Смолевский С.Б.» Жеке кәсіпкерлігінің иесі Қазақстан Республикасы территориясына Кедендік одаққа мүше елдер территориясына импортталған сапасыз автокөлік шиналарды қайтаруға байланысты ҚҚС-ке түзету жасау бойынша Орал қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасына барған. Басқарма ҚҚС-ке түзету жасаудан бас тартуына байнысты Палатадан өз құқықтарын қорғауға көмек сұраған.

Салық кодексі талаптарына сәйкес бұрын төленіп қойылған салық сомасын қайтару үшін кәсіпкер Басқармаға барлық қажетті құжаттарды тапсырған. Дегенмен Батыс Қазақстан облысы бойынша МКБ бұл өтінімнен бас тартқан. МКБ өкілдері  келісімшартқа сәйкес тауар құны төленбесе ғана тауар қайтарылады, ал тауар үшін ақша төленіп қойған деген дәйекті алға тартты. Содан соң Смолевскийдің бірнеше арыздарынан кейін МКБ кәсіпкерде  Сапасыз шиналарды жою актісі жоқ екенін сылтауратты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы МКБ ұйғарымымен келіспеді де «Атамекен» ҰКП-дан көмек сұрайды. Орталық аппаратта өңірлік кәсіпкерлер палатасының дәлелі құпталып, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне арнайы хат жіберіледі. Қазіргі таңда аталған хат қарастырылып жатыр.

Кеңеске қатысқан Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жетекшісі кәсіпкер уәждерімен келіспейтінін айтты. Бұл наразылыққа Кеңес мүшесі, Облыс прокурорының орынбасары Тәжіден Найманов Мемкірістер органынының позициясы  бастпақыдан кәсіпкерге қарсы қойлығанын айтты.  «Дегенмен, бұл жағдайда Басқарма маманы кәсіпкерге қандай құжат жетіспей тұрғанын түсінікті тілмен түсіндіруге болар еді. МКБ һкілдері бұрын төленіп қойған омаларды қайтармау мақсатында кәсіпкермен тайталасқа түспеу керек. Бюджетті кәсіпкер құқығын бұзбай толтыру қажет», – деді облыс прокуроры орынбасары.

Бизнеске көрсетілетін қысымды азайту және салық саласында сыбайлас жемқорлыққа бастайтын тәуекелдерді басу үшін Палатада Салық кодексі нормаларын өзгерту бойынша ұсыныстар легі талқыланды, одан шыққан қорытынды Кеңестің ұсынысымен «Атамекен» ҰКП-ға жөнелтілді.

 

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер