«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің стратегиялық құралдары бойынша оқыту жүргізілді

2017 жылғы 26 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
10334 просмотров

Іске әйелдер кеңесі Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлеріне семинарлар ұйымдастырды 

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасындағы Іскер әйелдер кеңесіне биыл екі жыл толды. Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, әйелдерді жеке кәсіпкерлікпен айналысуға баулу, олардың экономикалық бастамаларын қолдау, экономикалық мүмкіндіктерін арттыру – Кеңестің басты мақсаты. Бұл ұйым іскер әйелдерге ақпараттық-ағартушылық сүйемелдеу жасап, ұйымдастырушылық, әдістемелік, кеңес беру мен ақпараттық қызметті атқарады.    

«Бизкон Орал», консалтинг компаниясы  БҚО ӨКП Іскер әйелдер кеңесі  қолдауымен бизнесмендер, директорлар, коммерциялық директорлар, сауда бөлімдерінің бастықтары мен жетекшілеріне арнап «Сауда-саттыққа әсер ететін стратегиялық құралдар» атты семинар өткізді. Бизнес-тренер Евгения Гулицкая сату жүйесін ұйымдастыру,  жұмыс істейтін, әрі жаңадан көтеріліп келе жатқан компаниялардың нарықта танылу жолдары туралы ақпарат берді.   

Семинар бағдарламасында SMART-жоспарлау, нәтижелікті басқару кезеңі, PDCA, сауда, коммуникация арналары және басқа да сұрақтар талқыланды. Семинар қатысушылары бизнес-тренерлерімен бірге сауданы дамыту бойынша міндеттер легін қарастырды, нақты мысалдар негізінде тауардың сәтсіз таралуы туралы сөз қозғап, қателіктерді анықтады.

Осындай форматтағы тәжірибе мен білім алмасу іскер әйелдердің көңілінен шықты. Әсіресе білікті бизнес-тренерден көп нәрсе үйренуге болады дейді ханымдар. Кәсіптегі әр қадамды саралау, жүйелі жоспар жасау, тәуекелдерді ескеру, жұмысты дұрыс жоспарлауға жол ашады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер