«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыста әйелдер бизнесінің мәселесі талқыланды

2017 жылғы 16 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
10612 просмотров

БҚО Іскер әйелдер кеңесінде әйелдер бизнес-жобаларын таныстырды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы Лаззат Рамазанова қатысқан Іскер әйелдер кеңесінің жиынында өңірдегі әйелдер бизнесін қолдау мәселелері көтерілді.

Өңірдегі қыз-келіншектердің бизнесінің ахуалы туралы ақпаратты бір орталыққа шоғырландыруға бағытталған Іскер әйелдер кеңесі орын алған мәселелерді талқылап, нақты шешімдерді қарастыру мақсатында басқосу ұйымдастырып келеді.

Осы жолы ұйымдастырылған жиында Оралдағы қыз-келіншектер «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палата Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазановаға өз жобаларын таныстырып, іс жүргізуге қажетті қалауларын ортаға салды.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ләззат Темірзақова «Адами капиталды дамыту орталығы» жобасын таныстырды. Бастамашыл ханым балаларды ерте жастан-ақ жан-жақты дамытуға үлес қосуды мақсат тұтып отыр. Өзі де бала өсіріп отырған іскер әйелдің айтуынша, балалар 6 айдан 3-4 жасқа дейін интеллектуалды және физикалық тұрғыдан белсенді дамығаны маңызды, себебі осы уақыт аралығындағы дамудың әсері мол.

Орталықтың тағы бір бағыты – ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету. Себебі атана балаларға білім беріп, қабілетін тікелей дамытатындықтан, оларға психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар беру үлкен әсерін тигізеді.

Ләззат Темірзақова бір жылдан бері алғашқы бағыт бойынша сәтті жұмыс істеп келеді. Ол «Супер Старт» зияткерлік орталығын ашты. Қалған екі бағытты ашу үшін инвестиция мен мемлекет тарапынан қолдау керек. Лаззат Рамазановаға осы мәселені жайлы хабарлады.

Хатшылық басшысы өңірге де, елімізге де маңызы бар жоба екенін атап өтіп, инвестор тарту мүмкіндіктерін қарастыруға уәде берді.

Кездесу барысында БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанова 2016-2017 жылдарда атқарылған жұмыс туралы баяндап, алдағы кезеңге қойылған жоспармен таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер