«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстанда өңірлік палата қызметкерлері рейдке шықты

2017 жылғы 14 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
5284 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағы жүргізіп жатқан іс шара аясында жүк тасымалдаушылармен кездесу ұйымдастырды.

Палата өкілдері кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету жұмысын жалғастыра отырып, үш күн ішінде, яғни 7-9 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы халықаралық автокөлік тасымалдаушылары одағының өкілдерімен бірге Батыс Қазақстан облысының көлік бақылау инспекциясының жылжымалы пункін аралады.

Кездесудің басты мақсаты – рейд барысында жүк тасымалдаушылардың Кәсіпкерлер палатасының жұмысы туралы, құқықтық көмек алу мүмкіндігі мен құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуден хабардарлығы жайлы ақпарат алу.

«Алысқа жүк тасымалдаушылар біздің жұмысымыз жайлы білген соң алғыстарын жаудырып, заңды құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау жайлы, әсіресе тасымалданатын жүктің бекітілген нормасын бұзған жағдайдың зардаптары, берілетін құжаттарды жеткіліктілігі жайлы біліп, рейд барысында құқықтық кеңестер алды», – деп түсіндірді Палатаның құқықтық бөлімінің сарапшысы Саид Садаров. – Палатаның жұмысы туралы ақпарат алу үшін арнайы брошюралар таратылды».

 

Облыстағы көлік бақылау инспекциясының жұмысы барысында Палата өкілдері 74 жүргізушіге құқықтық көмек көрсетті.

Бұл жұмыс бизнестің басқа салаларында да жалғасады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер