Орынбор кәсіпкерлері Батыс Қазақстаннан серіктес тапты
«WestKazInvest-2017» IV халықаралық инвестициялық форум аясында Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Орынбор облысының кәсіпкер ханымдарының қатысуымен жиын өткізді. Кездесу барысында іскер әйелдер жобаларын таныстырып, тәжірибелерін бөлісіп қана қоймай, жаңа серіктестер қатарын арттырды.
Әйелдер кәсібінің қасиеті ортақ. Іскер де белсенді әйелдер қай елде болса да, олардың мақсаттары бір – табыс табу, даму және қоғамға пайда келтіру. Іскер келіншектердің мәселелері де ұқсас болып шықты, сондықтан кездесу барысында ортақ тіл тауып, өзара тиімді де құрылымдық ынтымақтастық жолдарын талқылай бастады.
Қонақтар арасында серіктестікке қызығушылық білдіргендер қатарында бизнесте 10 жылдан астам тәжірибесі бар, іскер де жігерлі Лия Болотова болды. Ол орынборлық делегацияның жетекшісі, аудитор, «Бухгалтерлік қызметтер бюросы» ЖШҚ директоры, «Ресей кәсіпкерлер әйелдерінің қауымдастығы» ЖШҚ басқарма мүшесі.
«Бізді шақырғандарыңызға қуаныштымыз. Екі ел арасындағы адал қарым-қатынасты бағалаймыз. Бұл жай ғана шекаралық ынтымақтастық деп айтуға келмейді, Бұл – достастық. Менің тұтынушыларымның арасында қазақстандықтар бар. Маған Ресейде бизнес жүргізуді қалайтын кәсіпкерлер жиі хабарласады. Зор ықыласпен көмектесемін. Олар қандай үлгіні алу керектігін, салық салудың қай режимін таңдау керектігін жақсы біле бермейді. Кеңес бере отырып сіздердің елдеріңіздің салық тәртібімен танысамын. Маған тәжірибелік көмек те керек, сондықтан осындай кездесулер маңызды», – дейді ресейлік іскер ханым Лия Болотова.
Дөңгелек үстел басында өздері секілді мақсатты көздеген кәсіпкермен танысқаннан кейін орынборлық кәсіпкерлердің үміті ақталды.
«Мен консалтинг «ПРОФИТ» ЖШС атынан келдім, біздің компаниямыз 15 жылдан бері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес бойынша кешенді қызмет көрсетеміз: салық режимінің ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісін таңдауды тіркеуден бастап, бухгалтерлік сүйемелдеу, салық есебін жүргізу, заңдық қызмет көрсету, кадрлық іс-қағаздармен жұмыс секілді, сондай-ақ тарату, банкроттық, қайта құру процесстерінде де көмектесеміз», – деді «ПРОФИТ» ЖШС басшысы Гүлбану Әубәкірова. – Біздің клиенттеріміздің 60% – қыз келіншектер. Осы жылдар аралығында көбінің бизнесін сақтауды, қауіпсіздік шараларын күшейтуге көметестік. Әрине оңай болған жоқ, 15 жыл деген осы саладағы тәжірибемізді көрсетеді».
Гүлбану Әубәкірова атап өткендей, жаһандану жағдайында бизнесте шекара болмайды. Бүгінде заңнамалық нормаларға қол деткізу оңай, оқып-танысу оңай. Бірақ қосымша кәсіби кеңес қажет-ақ.
«Біз осы салада Мәскеу, Самара, Қазан, Уфа қалаларындағы көптеген компаниялармен жұмыс істейміз. Клиенттердің ішінде бизнесін шекараға жақын облыстарда кеңейткісі келетіндер де бар. Келіп, кеңес алып, ұсынысымызды тыңдайды. Лияны көріп, әлеуетті серіктесті танып отырмын. Менің мақсатым – байланыс орнатып, табыс ынтымақтастықы жалғастыру», – деді бастамасыш кәсіпкер.
Біз кәсіпкерлік байланыс орнаған бір ғана жағдайды мысаға келтіріп отырмыз. Жиынға қатыстқан іскер келіншектер келешегі бар жобаларды байқады. Олардың көбі құрылыс, жылжымайтын мүлік, туризм, сән және сұлулық индустриясы, медия мен өндірістік салада еңбек етеді. Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Жұлдыз Құспанова атап өткендей, мұндай кездесулердің тұрақты өткізілуі өңірдегі бизнес-қоғамдастықты дамытуға септігін тигізеді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: