«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер қайырымдылық жасағанын неге жасырады?

2018 жылғы 22 Ақпан
- Алматы қаласы
8491 просмотров

Алматылық кәсіпкер Евгений Люц «Атамекенім» акциясын қолдады

Кәсіпкер Евгений Люцтің Алматы полиграфия колледжінде жеке атаулы аудиториясы бар. Кәсіпкер кез келген уақытта келіп, аталған оқу бөлмені қалауынша әрлеу алады. Осындай құрметті колледж басшылығы кәсіпкерге көп жылдар жасаған қолдауы үшін көрсетіп отыр.  

 «Евгений Люц 15 жыл бойы біздің колледжбен байланысты үзген емес. Студенттер кәсіпкердің «Технология изображения» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірісітк практикадан өтеді. Кейбірі сол жерде жұмысқа алынады. Кәсіпкер оқу орнына оқу материалдарын, қағаз сатып алады. Бүгін Евегний Люц колледжге құны 12 млн теңгені құрайтын  «Canon» атты цифрлықтүрлі-түсті баспа машинасын сыйға тартты. Бұл жабдық бізге өте қажет. Көп жаңдайда студенттер өндіріске практикасыз барады, машиналрмен теорлиялық түрде ғана жұмысты біледі, бұл бұрыннан бар мәселе. Сондықтан заманауи техниканың болуы қажет», – деді Мәделхан Дүйсебеков.

Колледж маманының айтуынша бірнеше жыл бұрын Евгений Люц ықпалымен шетелдік компания колледжге толықформатты цифрлық плоттер сыйлаған. Ал кәсіпкер қайырымдылық жұмыстарын жариялағысы келмейді.

«Қайырымдылық жасағаным үшін салықтық жеңілдіктерді ешуақытта пайдаланған емеспін. Сыйлықты ізгі ниетпен жасап, мемлекеттен жеңілдік алған  бір бөлек те, сыйлық жасап, мемлекеттік органдардың алдында сол сыйлық үшін жарты жыл есеп беру бір бөлек.  Колледжді қолдауға келсек, мен полиграфиялық саланың өкілі ретінде білікті әрі білімді мамандардың болуын қалаймын. «Атамекенім» акциясын әрине қолдаймын. Оқимын, білемін, істеймін дегендер үшін қолдау көрсету ұнайды»,– деді Евгений Люц.

Кәсіпкердің айутынша оның отандық оқу орындарын жаңа жабдық алып қолдауға арналан үндеуіне Бельгия, Германия, Голландия және Чехиядағы серіктестері үн қатқан. Билыдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінде жаңа полиграфиялық техника пайда болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер