«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық тауар өндірушілерді үлесін арттыру жұмысы

2018 жылғы 05 Наурыз
- Батыс Қазақстан облысы
5739 просмотров

Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс әкімінің орынбасары И.В.Стековтың төрағалығымен сатып алулар аясында отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі жұмыс комиссиясының отырысы өтті.

Жиында 2017 жылы білім беру саласындағы сатып алулардың қорытындысы шығарылды. 2017 жылы білім беру саласындағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға 18 млрд 712 миллион теңге бөлінген, оның ішінде 3 млрд 890 млн теңге тауар сатып алуға арналған. Отандық жеткізушілердің 2,8 млрд теңгеге тауар алынған, бұл тауар сатып алуға арналған соманың 71%.

Жергілікті жеткізушілерден тауар сатып алудағы негізгі үлесте «Демеу» мүгедектерді қолдау қоғамдастығы» ҚБ, Оралдағы зағиптардық өндірістік кәсіпорны қоғамдастығына алынған жиһаз алынуы бар, сондай-ақ Оралдағы зағиптардың өндірістік кәсіпорны қоғамдастығына төсек-орын жабдығы, «Щукина ЖК, «Экспо» ЖШС мемлекеттік символика, «Риа-мир» ЖШС велосипед тұрағы бар.

2018 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға 15 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген, оның ішінде 2,5 млрд теңге тауар сатып алуға бағытталған. Отандық жеткізушілер мен тауар өндірушілерде отандық қамту үлесін арттыру жұмысы жалғасады.

«2018 жылдың маусым айында Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасымен бірге ата-аналар комитетін тарту арқылы жергілікті өндірушілер тігетін мектеп формасын ың көрмесін өткізу жоспарланған», – деп атап өтті БҚО Білім басқармасы сатып алу бөлімінің бас маманы Гүлмира Қарабалина.

Комиссия отырысында сонымен қатар БҚО кәсіперлер палатасы директорының орынбасары Марат Нұрғуатов өңірдегі тапсырыс берушілерге маңызды ақпарат ұсынды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылдың 15 наурызында бекітілген «Тапсырыс берушінің қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру ережесіне» сәйкес «Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламасы аясында құрылыстағы мемлекеттік инвестиция есебінен жүзеге асырылатын жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін тапсырыс беруші құрылыс алаңын дайындау және құрылысты ұйымдастыру барысында ресми интернет-ресурста жинақтама тізімдемесімен бекітілген жобалық құжатта қарастырылған негізгі құрылыс материалдар, жабдық, бұйымдары мен конструкциялардың қажеттілігі туралы ақпаратты жариялауды қамтамасыз етеді».

Күн тәртібіне сай «СКФ Наурыз» ЖШС бас директоры Азамат Губайдуллин Ақсай қаласында 240 орындық балабақшасы құрылысының нысаны туралы баяндады. Бұл нысанның 80% аяқталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер