«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

 «WorldSkills Kazakhstan» – мамандар  ұстаханасы

2018 жылғы 09 Сәуір
- Батыс Қазақстан облысы
6200 просмотров

Батыс Қазақстан облысы колледждерінің студенттері «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатында бақ сынауда

Кезекті чемпионатта біліктілік қатары 14-ке дейін артты. Кәсіби шеберлікте болашақ дәнекерлеуші, сылақшы, тас қалаушы, металл жонушы, электр монтаждаушы, кондитерлер мен аспаздар сайысқа түсті. Жүзден астам студент жарыс алаңына шықты. Әрқайсының тәжірибесі аз болса да ынтасы зор. Барлық колледж салалық өндіріс орындарымен байланыс орнатқан. Өңірлік чемпионаттың негізгі мақсаты – жұмысшы мамандығының әлеуетін арттыру. Үш күнге созылған байқауда жеңімпаздар мен үздіктер анықталды.

«Мұндай чемпионат тәжірибені арттырады. Оралдағы «Сервис» технологиялық колледжінің түлегімін. Шаштараздардың байқауына қатыстым. Оңай болған жоқ, қарсыластардың дайындығы мықты. Бар ынтамды салдым, 6 кезеңнің барлығынан өттім. Республикалық деңгейде де жоғары нәтиже көрсетемін деген үмітім бар», - дейді «Шаштараз өнері» аталымының жеңімпазы Сержан Құспан.

Өңірлік байқаудың әлеуметтік серіктестері ретінде Оралдағы танымал компаниялар қатысты: «Домостроитель» ӨК, «CКФ «Отделстрой» ЖШС, «Балзия» ЖШС, «Орал құйма-механикалық зауыты» ЖШС, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Квант» ЖШС, «Құрылыс комбинат» ЖШС.

Қатысушылардың шеберліктеріне 42 сарапшы баға берді. Соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысы колледжері студенттерінің табысы айтарлықтай. Ұлттың беріншілікте дәнекерлеуші, ағаш шебері, мектепке дейінгі тәрбие беру педагогтары жүлдегер атанды. Былтыр Сервис және жаңа технологиялар колледжінің студенті Астанада жеңімпаз болды. Оқытушылар биыл да жақсы нәтиже күтеді. Жұмысшы мамандығы әрдайым сұраныста. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы колледжерінде 20 мыңнан астам жас білім алып отыр, түлектердің 78% жұмысқа орналасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер