«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы облысында 28 кооператив қаржыландырылды

2018 жылғы 11 Сәуір
- Жетісу облысы
6474 просмотров

Фермерлер өнімді ірі сүт зауытына тасымалдауды жолға қойған

Бұл туралы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Өңірлік бизнеске көрсетілген негізгі қолдау шараларына арналған  баяндамасында Нариман Әбілшайықов үш мемлекеттік бағдарламаның қосындысы («Бастау»,  ауыл шаруашылығын дамыту және кооперация) ауыл тұрғындарының жобасына негіз болғанын атап өтті.

«Бастау» жобасы бойынша оқытуға аудандардағы өңдеуші кәсіпорындардың мамандары шақырылған болатын. Оқыту аясында сарапшылар кәсіпорындардағы сұраныс деңгейі, қажетті шикізат сапасы жөнінде айтып берді. Осындай семинарлардың бірінде Еңбекшіқазақ аудандардағы қатысушылар өз күштерін біріктіріп, бизнес-жоспар дайындады. Одан соң қаржыландыруға қол жеткізіп, «Жиделі Байсын» атты ауыл шаруашылығы кооперативін құрды. Бірлескен жұмыстың басты нәтижесі бұл - «ФудМастер» ірі сүт зауытымен жасалған келісім болды», - дейді облыстық Палата басшысы.

Биыл өңірде «Бастау» жобасы бойынша 3 361 азаматты оқыту мен 672-ден кем емес жобаны қаржыландыру жоспары тұр. Жалпы облыс бойынша шағын несиеледіруге 4,4 млрд теңге бөлінген.

Нариман Әбілшайықов Өңірлік кәсіпкерлер палатасы тарапынан ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жан-жақты қолдау көрсетілгенін атап өтті. Мысалы, өткен жылы облыста 28 кооператив құны 1 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландырылды. 

Кәсіпкерлерді қолдау және тапсырыс берушілердің талаптарын ескеру ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасымен бірлесе отандық тауар өндірушілердің тізілімі әзірленді. Қазіргі таңда ол тізілімде 5 713 кәсіпорын енгізілген.

Импорт алмастыру қызметі барысында 8 салада жұмыс істеп тұрған 174 кәсіпорынға сараптама жүргізілді. Өткізілген паспорттау нәтижесі бойынша импорт алмастыруға жататын тауарлар тобы анықталды.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отрысында бизнес өкілдері жеңілдетілген несие қолжетімділігі, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфрақұрылым жеткізуге қолдау көрсету мәселелері көтерілді және бақ шаруашылығына мемлекеттік қолдауды күшейту туралы ұсыныс білдірілді.

Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов аталмыш сұрақтар мен ұсыныстар жіті зерттеліп, сондай-ақ, оларды шешу үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан қолдау көрсетілетінін атап айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер