«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-Кеңесшіні» тәмамдап кәсібін кеңейткен кәсіпкер

2018 жылғы 19 Шілде
- Батыс Қазақстан облысы
8801 просмотров

Қуандық Жұмабаев кәсіпті қолға алғанда жұмысы бірден жүрмеді. Қателіктер мен олқылықтар орын алған кезеңдер болды, әйтсе де жігіт ағасы мойымады. Қуандық бастапқыда Көлікке техникалық жөндеу станциясын ашып, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ал темір есіктер өндірісі жайында үйге есік сатып алу кезінде ойланады. Алғашқы есік үлгісін қолмен жасап шығады, содан кейін ісмер қолдан білдектер жасап, есік жасауға тапсырыстарды ала бастады.

Бизнес жүргізудің негіздерін игеру үшін кәсіпкер «Бизнес-Көмекші» курсын оқып шығады, оқу барасында мамандар бизнес-жоспар құруға көмектесті.

 Күзде бастауыш кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама бойынша  жылдық 9% мөлшерлемемен 3 млн теңге алды. Қаражаттың жартысын кәсіпкер болат табақтарын бүгетін білдек сатып алуға жұмсады. Қалған қаражатқа кәсіпкер полимерлі бояу пешін орналастырды.

 «Есіктерді жасау бойынш үдерісті автоматтандыру үшін компьютерлік басқаруы бар білдек сатып алу керек болды. Уақытты құр жібермей, грантқа өтінім беріп, нәтижесінде 2 млн 700 мың теңге қайтарымсыз қаражатқа ие болдым. Осылайша жұмысым тез реттелді. Егер 1 есік жасауға бұрын үш күн кетсе, бүгінде 1 күн уақыт кетеді», – деп бөлісті кәсіпкер.

Бастапқыда кәсіпкер цехты жалдаған, алайда жал құны қымбат болды, сондықтан кәсіпқой шебер үй жағдайында жұмыс істей бастады. Кәсіпкерлікті жүргізуде жеке орынжайдың болуы қажет-ақ, сондықтан кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастады. Бір айдан соң есік алдында есік өндіру бойынша цех дайын болады.

 «Маусым айында 30 есік әзірледік. Тапсырыстар түрлі болады. Осы көрсеткіштен көп немесе аз. Екі адам болып жұмыс істейміз. Әдетте стандартқа келмейтін есіктерге тапсырыстар түседі. Есік ішке ашылу керек, беткі қабаты оюмен көмкерілген болуы тиіс деген талаптар бар. Клиенттер көңілінен шығуға тырысып бағудамыз. Босағаны өлшеуге шығып, есікті өзіміз орналастырып береміз. Дизайн түрлері жаңа. Өндірісте отандық металл өндіріледі, фурнитура – рейсейлік», – деді Қуандық Жұмабаев.

 Кәсіпкер бұған қоса Ақсай қаласында дүкен ашты. Енді жоспарда бөлме есіктерін жасау. Қуандықтың айтуынша, құрдымға кетпеу үшін нарықты зерттеу керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер