«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер учаскелеріне құқық беру туралы қорытындыны Жер комиссиясы береді

2018 жылғы 03 Тамыз
- Батыс Қазақстан облысы
8990 просмотров

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, кәсіпкерлермен  кезекті кездесуді Батыс Қазақстан облысында өткізді. Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың мамыр айында ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын. Батыс Қазақстан облысы шаруалары заңға енген жаңашылдықтар жайында толық ақпаратты осы кездесуден алды.

 Жер заңнамасының жекелеген нормаларын қолдану бойынша мораторий 2021 жылға дейін ұзартылды. Арнайы құрылған жер комиссиясының шешімімен  қазақстандық кәсіпорындарға ауыл шаруашылық жерлерін кемінде 1% шетелдік қатысумен қамтамасыз етуді шектейтін нормалар қабылданды. Енді 2021 жылдың 31 желтоқсанынан бастап жер учаскілері шетелдік қатысуы жоқ қазақстандық заңды тұлғаларға ғана берілетін болады.

Азаматтардың өтінішін қарастыру және жер учаскілеріне құқықтық рұқсат беру бойынша қорытындыны жер комиссиясы жүргізетін болады. Аталған комиссия әкімдік жанынан алқалық орган ретінде құрылмақ. Оның қызмет ету сызбасы нақты белгіленген.

«Жер комиссиясы туралы үлгілік ереже ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітіледі. Ереже өңірлерге, оның ішінде «Атамекенге» жолданды. Батыс Қазақстанда аталған құжатты қарастырып, оған Өңірлік кәсіпкерлік палатасы ұсыныстарын енгізді. Әлі уақыт бар, сондықтан жобаны зерттеп, оны жақсарта түсу үшін ұсыныстар мен ескертпелер жасауға болады», – деді ҚР АШМ Жер мәселесі жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Самал Есқалиева.

 Заңның жаңашылдығы жер комиссиясы құрамы әкімдіктермен қалыптастырылып, мәслихаттармен бекітілетін болады. Мүше саны тақ сан болып, әрі 9 адамнан кем болмауы керек. Осы ретте  салалық қоғамдық бірлестіктер мен кеңестер, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуы жалпы көлемнің 50%-нан кем түспеуі керек. Егер комиссия құрамында минималды 9 адам болса, оның 4-уі – мемлекеттік орган өкілдері, қалған 5 адам қоғам тарапынана сайлануы тиіс.  

 «Жер комиссиясы құрамы жыл сайын бекітілетін болады. Комиссия төрағалығына әкімнің жер мәселелері бойынша орынбасары сайланады.  Комиссия отырысында 2/3  мүше болса, заңды болып табылады. Олардың барлығы отырыстарға ауыстыру құқығынсыз қатысады. Бұл да тағы бір жаңашылдық», – деді Самал Есқалиева.

  Жиынға қатысушылар сауалдарды көп қойды. Атап айтқанда, БҚО кәсіпкерлері қауымдастығыны жетекшісі Анис Истелюев жер комиссиясының шешімі түпкілікті ме,  білгісі келді. Мәселен, комиссия қазір оң шешім шығарады, ал әкімдік кейін, керісінше, мақұлдамаса ше?  

 «Жер комиссиясының хаттамалық шешімі міндетті болып табылады және оның негізінде жер учаскелерін беруге немесе бас тартуға әкімдіктер шешім қабылдайды. Барлығы комиссия қабылдаған шешімге байланысты. Заңға енген жаңашылдықтың бірі – барлық жиындарда ауди- және бейнежазба жүргізілетін болады», – деп мәлімдеді Самал Есқалиева.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін тағы бір жаңашылдық енгізілді  – жер комиссиясының хаттамалық шешімі сот арқылы жоққа шығарылуы мүмкін. Сондай-ақ, жер учаскілерін беру процедураларының ашықтығы шаралары қарастырылған. Жасалған өзгерістерге сәйкес әкімдіктер бұқаралық ақпарат құралдарында және олардың Интернет-ресурстарында жер учаскілерін алған адамдардың тізімін жариялауға міндетті.

 Спикердің айтуынша, Заң ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурстық негізде беру тәртібін реттейтін   43-бабымен толықтырылған. Жердерді дұрыс пайдалануға бақылауды күшейту үшін мониторинг жүргізіледі. Бұл бақылау емес, жерді қалай пайдаланылатынын және міндеттемелер қалай орындалатынын байқау. Аталған мониторинг негізінде жалға алу мерзімін ұзарту бойынша шешім қабылданатын болады.

 Бір қолға үлкен аумақтарды беруді болдырмау үшін заң ауылшаруашылық жерлерінің қазақстандықтарда жалдауда бола алатын барынша үлкен мөлшерін бекіту қарастырылған. Әдіснама ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітіледі.

 

 «Тағы бір норма ауыл шаруашылығы жерлерін шекаралық территорияларда беру талаптарын қатаң етілді. Сондай-ақ жайылымдық жерлердің тапшылығын болдырмай шешілуде. Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жер учаскелері, егер олар бұрын біреуге берілген болса, мемлекеттік қажеттіліктерге мәжбүрлі түрде иеліктен шығарылуы мүмкін», – деді сарапшы.

 Елді-мекеннің шетінде орналасқан учаскілер бойынша енді нысаналық мақсатты көрсету керек емес. Егер жер учаскесі коммерциялық мақсатқа алынса, онда «коммерциялық аймақ» деп белгілеу жеткілікті. Бұл бір өзекті мәселені шешіп отыр.  «Жайық шаруасы»  агро тауар өндірушілер қауымдастығының директоры Серік Қайыршиннің айтуынша, түйткілді мәселелер арасында бұрын банк кепілдігінде болған жерлерді пайдалануға мүмкіндік болмауына қатысты. Сондай-ақ, шетел инвесторлардың комиссия мен байқаулардан тыс өтіп, жер алуы да аландатады.

 «Қазір Инвестициялар комитетімен біз бұл мәселені қарап жатырмыз. Инвестор мәртебесін беру критерийлері әзірленуде. Кепілге берілген жерлер бойынша айтарым, олар тез арада тартып алынып, ауыл шаруашылығы кәдесіне берілуі керек. Оларға қатысты норма да әзірлену үстінде», – деді Есқалиева.

 Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Сәкен Қарин цифрландыру тақырыбына тоқталып, бірқатар мәселені көтерді.

 «Цифрландыру құжаттарға тіреледі. Бос жер учаскілерінің электронды картасы іске қосылуы үшін Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары керек, кейбір ауылдық округтерде ондай жоспарлар жоқ. Әкімдер осы мәселені көтерген. Ал жер учаскілерінің шекті мөлшері бойынша мәселені біз қарастырдық. Мәселе бұрын берілген әрі қолдану мерзімі аяқталған жерлерге қатысты туындап отыр. Енді фермерлер мерзімді ұлғайтуға мәжбүр. Осы ретте жер учаскілерін қысқарту мәселесі туындап отыр. Ал шаруалар техниканы лизингке алып, қаражат жұмсаған уақытта жер телімін қысқартып жібереді. Осылайша шығындар көп болады. Қожалықтар осы әдіснамаға бейімделу арқылы активтерін арттыра алуына жағдай жасап ескеру мүмкін бе?», – деді Сәкен Қарин.

 «Бас жоспар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бойынша мәселені ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бақылауға алды. Цифрландыру бойынша функциялар Ақпарат жән коммуникациялар министрлігіне берілді. Біз ұсынысыңызды назарға алдық», – деді ҚР АШМ сарапшысы Самал Есқалиева.

 Белгілі болғандай, жер учаскілері ауықымының шекті мөлшері шаруалар қызметін шектеуге емес, қолданылмайтын жер учаскілері мәселесін шешу үшін қолға алынған. Кездесуде басқа да мәселелер көтерілді. Қорытындылай келе, бұл өзгерістер «Атамекен» ҚР ҰКП, яғни кәсіпкерлердің  ұсыныстарын, ескере отырып жасалғаны айтылды.  


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер