«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жол бойындағы қабылдау» акциясы өтті

2018 жылғы 13 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
7427 просмотров

Акция Өңірлік топтың қатысуымен өтті, бұл топтың облыста жұмыс істеуіне 2 жыл толды. Оның құрамына БҚО Кәсіпкерлер палатасының заңгерлік бөлімінің өкілдері, өлік прокуратурасы, Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы мен «Нұр Отан» партиясы мүшелері кіреді.

Көлік бақылау инспекциясының қызметкерлері, әдетте қала кіреберісінде жүк көліктерін тексереді. Мобильді таразылар тасжол бетіне қойылады да көлік салмағы өлшенеді, осылайша жүк тасымалдау саласындағы заңнама ны бұзу факторлары анықталады. Мұндай тексерулерге шопырлар мен көлік иелері наразылық білдірмейтін. Осы олқылықты реттеу үшін Өңірлік топ құрылып, ол өз тиімділігін іс жүзінде көрсетті.

 Топ мүшелері заңды бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, шопырлар мен көлік иелері туралы ақпаратты да белсенді қолданады. БҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері ҚКП жұмысы, жүк тасымалдауда құқықтық көмек алу  жайында мәлімет берді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер белгілерін алдын алу мақсатында Өңірлік топ мүшелері пара алумен күрес бойынша кітапшалар таратты.

Заңнама нормаларын кәсіпкерлердің барлығы қатаң ұстана бермейтіндіктен, бұзушылықтар болып тұрады, Өңірлік топ қызметі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылады.  

 «Өңірлік топтың мемлекеттік органдардың бизнес субъектілермен өзара іс-қимылына оң әсерін атап өтіп, топ мүшелері жасаған түсіндіру жұмыстары, сонымен қатар әкімшілік айыппұлдарды оңтайландыру арқасында тасымаладушылардың Өңірлік кәсіпкерлер палатасына Көлік бақылау инспекциясы әрекетіне шағым жасау көлемі азайды», – деді БҚО ӨКП бірінші категориялы сарапшы Светлана Хисаметдинова.

«Жол бойындағы қабылдау» акциясы кәсіпкерлік субъектілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша міндеттерді Өңірлік топ толық көлемде орындап жатқаны кезекті рет дәлелденуде. Тағы бір факт – тасымалдаушылар Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жұмысынан хабардар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер