«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Туристік аймақта тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорын ашылады

2019 жылғы 15 Қаңтар
- Жетісу облысы
6031 просмотров

 Ұйғыр ауданында туристік саладағы мәселелер және Қарадала аймағында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілеріне құқықтық көмек көрсетуді талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті.

 Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Ұйғыр аудандық филиалының директоры Мүсілім Амангелдиевтің хабарлауынша, жергілікті бизнес-қоғамдастық қараусыз жатқан қоқыс үйінділері, рұқсатсыз салынған нысандар мен ұңғымаларды заңсыз бұрғылау мәселелерін көтерді. Сонымен қатар кәсіпкерлер шомылу уақытында ескерту белгілері мен басқа да қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажеттілігі туралы айтты.

 Жұмыс кездесуі аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Хусуров, Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов, Әкімдік бөлімшелерінің жетекшілері, Балқаш-Алакөл инспекциясы, Төтенше жағдайлар бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері қатысуымен өтті.

 Талқылаудың басты тақырыбы қараусыз тасталатын қоқыспен күрес, арнайы қоқыс полигонын ұйымдастыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі болды.  

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Талғат Сейдахметов тұрмыс қалдықтарын шығаруға арналған жер учаскесі бөлінгені, сонымен қатар қоқысты өңдеумен айланысуға ынта білдірген кәсіпорын барын хабарлады. Қоқыс қалдықтарын шығару ережелері бақылауға алынады.

 Кәсіпкерлер назары өрттерді алдын алу шараларына аударылды. 

 «Белгілі болғандай, демалыс аймақтары территориясында жиі өрт болады. Сонымен қатар демалыс аймақтарында ақпарат беретін тақтайшалар, келішулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейне бақылау камераларын орнату қажет», – деді Ұйғыр ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің жетекшісі Ғабит Бегалин.

 Аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің деректері бойынша аудан туристерді орналастырудың 42 орны бар. 2018 жыл ішінде  73 374 адамға қызмет көрсетілген, қызмет көрсету көлемі 355,6 млн теңгені құрады. Туристік маусымның ұзақтығына (жылына 120 күн) қарамастан Ұйғыр ауданына келетін туристер саны Алакөл ауданынан 10 есеге аз. 

 Аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Хусуровтың хабарлауынша, туризмді дамыту саласындағы өкілетті органдар табиғи ескерткіштерді аралау маршруттары әзірленген. Саланы ары қарай дамыту мақсатында Қарадала учаскесінің бас жоспары әзірленетін болады. Аймаққа ұзындығы 65 км газбен қамту көзделген, бүған қоса көршілес ауылдар да газға қосуға мүмкіндік жасалады.

 Осы ретте жергілікті атқарушы орган жер учаскелерін заңсыз иемдену, суды өздігінен бұрғылау фактілерін, кәсіпкерлердің жұмыс істеуде сәйкес құжаттардың (арнайы пайдалануға рұқсат, пайдалануға беру актісі) болмауы мәселелерін алға тартты.

 Бизнес өкілдері құрылыс жұмыстарын мақұлдамай, нысандар салады, сонымен қатар салық төлемейді.

 Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Санат Түсіпов деректерді беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану, электронды шот-фактураларды шығару талаптарын түсіндірді. Жергілікті интернеттің осалдығынан кәсіпкерлер кассалық аппараттар мүмкіндіктерін толық пайдалана алмай отыр екен.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер