«Бизнес-Кеңесші» курсының түлектері массаж салонын ашты
Массаждың түр-түріне сұраныстың артуы салауатты өмір салтына деген трендті қалыптастыруда
Аз ғана капитал, жылдам өтемділік – массаж салонын ашуға тағы бір себеп. Бұл бизнестің артықшылықтары мен кемшіліктерін есептеген Светлана Мұхамбетқалиева және Елена Астафьева жаңылмады. Жуырда бизнес ханымдар үшінші массаж салонын ашты.
Табысты бизнестің иелері – дәрігер-массажистер «Бизнес-мектеп» курсы бойынша білім алуды шешті. Білім қашан да кәдеге жарайды, сонымен қатар бьюти-индустрия үнемі жаңаруда, «ескіше» жұмыс істеуге болмайды. Светлана мен Елена Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына өтінім жіберіп, білікті бизнес-тренер Зульфия Халилованың жетекшілігімен «Бизнес-Кеңесші» курсынан өтті.
«Салон атауы «Мир массажа» компаниямызға сай келеді. Егер жан мен тән демалысын қаласаңыз, максимум рахатты сезініп, энергия аламын десеңіз, бізге келіңіз. Шеберлеріміз үлкендер мен балаларға арналған массаждың түр-түрін ұсынады. Сауықтыратын массаждар бар, целлюлитке қарсы, коррекциялық бағдарламалар, spa-relax қарастырылған. Сонымен қатар дұрыс тамақтану бойынша кеңес береміз. Массаж салондарын Орал қаласында ашу арқылы біз бұл қызмет түрін қолжетімді екенін көрсеткіміз келеді», – деді Светлана Мұхамбетқалиева.
Сапалы мамандар маңызды екені мәлім, сондықтан салон иелері қызметкерлерді таңдауға баса назар аударады. «Әдемі» бизнесте кәсіби мамандар қызмет көрсетеді.
«Мұнда денсаулығымызды жақсартумен айналысатын кәсіби мамандар жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Тағы бір салон ашылғанына қуаныштымыз. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында осындай сыйлық үшін рахмет», – деді тұрақты клиент Гауһар Мырзағалиева.
«Массаждың түрлі әдісі сұраныста. Әр клиентке жекелей қараймыз. Мәселен, целлюлитке қарсы массаж өте пайдалы. Салонға аптасына үш рет келу керек, бұл массажда шел қабатын ыдыратамыз», – дейді салонның құрылтайшысы Елена Астафьева.
Салон иелерінде жоспарлар көп. Олар бизнесті кеңейту мақсатында мемлекеттік қолдау бағдарламаларын қолданбақ.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: