«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда «Жас кәсіпкер» жобасы қатысушыларының жәрмеңкесі өтті

2019 жылғы 03 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
6891 просмотров

«Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы жемістері Орал қаласындағы сауда орталықтарының бірінде өткен жәрмеңке барысында таныстырылды

Жас кәсіпкерлер оқуға қатысып, бизнесте алғашқы қадамдарды жасап, еңбектерін ортаға салды.

 Ақгүл Батырғалиева алғашқы көрмеге өз жұмыстарының біразын әкелді. Бойжеткен ұлттық стильді тұрмыста кеңінен қолдануды көздейді.

 «Мен қолданатын технология Оралда көп кездеспейді. Әшекейлер, көрмелер, жастықтарды ұлттық нақышта тігемін. Ұлттық ою-өрнек затқа қайталанбас ерекшелік береді, өте әдемі. Менің болашақ клиенттерім менімен келіседі деп ойлаймын, өйткені көпшілік әшекейлер мен бұйымдарға қызығушылық танытты», – деді «Жас кәсіпкер» түлегі Ақгүл Батырғалиева.

Қазіргі таңда облыста «Жас кәсіпкер» жобасымен екінші лекті оқыту жүріп жатыр. Кәсіпкерлік негіздерін 500 адам оқуда. Курс аяқталған соң олардың әрқайсында 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант немесе бизнес ашуға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндіктері бар. Облыстағы алғашқы жәрмеңкеге аудан мен ауылдардан 30 жас кәсіпкер қатысты.

«Жәрмеңке мақсаты – «Жас кәсіпкер» жобасы нәтижесін іс жүзінде көрсету, жоба қатысушыларына бір-бірімен байланыс орнату, тәжірибе алмасу және оларға әлеуметік клиенттермен жұмыс істеуде алғашқы тәжірибені, яғни өнім өткізуде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру», – деді ұйымдастырушылар – БҚО Кәсіпкерлер палатасының мамандары.   

Киім-кешек, тұрмыстық заттар, ұлттық нақыштағы әшекейлер, декоративті-қолданбалы өнер, азық-түлік – осы сан-алуандылықтың барлығы – өңірдегі жас бизнесмендердің алғашқы қадамдары. «Жас кәсіпкер» жобасы екінші легінің жаттығулары 5 қыркүйекте басталады. Келесі күні қатысушылар жобаларын қорғайды. Ары қарай жұмысты танымал «Бастау» жобасы жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер