«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО-да қарапайым заттар экономикасы көрсеткіштерін екі есеге өсіру көзделген

2020 жылғы 05 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7984 просмотров

Бүгін облыс әкімдігінде БҚО Кәсіпкерлер палатасы, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшыларының кездесуі өтті. Селекторлық режимде тараптар аудандардың басшыларымен бірге қарапайым заттар экономикасы шеңберінде салалар дамуы және жергілікті қамту үлесін арттыру барысын талқылады

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қарапайым заттар экономикасы» тауарлары бойынша  мемлекеттік сатып алуларда жергілікті қамту үлесіне талдау жүргізеді. ҰКП ұсынысымен ҚР Үкіметі алғаш рет барлық әкімдіктерге үш сала: жиһаз, жеңіл өнеркәсібі, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіру бойынша жергілікті қамту үлесін анықтайтын мақсатты индикаторлар (КРІ) белгіледі. Осы ретте жыл сайын аталған КРІ-нің көрсеткішін 20%-ға арттыру көзделген.

 БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ыбырайымовтың хабарлауынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсібінде  жергілікті қамту үлесі 24%-ды құрады, белгіленген жоспар – 23,8% болатын, жиһаз өнеркәсібінде жергілікті қамту үлесі – 23% (жоспар – 22,8%), тамақ өнеркәсібі – 23%, құрылыс материалдары бойынша да жоспар артық орындалған. Қазір бұл сан 31%-ды құрайды, ал жоспарда 24,5% белгіленген. Жыл нәтижесі бойынша барлық көрсеткіштер орындалды.

 Кездесу барысында жауапты тұлғалар аудан әкімдіктерімен бірге келер жылға жоспар құрды:

 2020 жылға мақсатты индикаторлар:

 Жеңіл өнеркәсібі бойынша – 43,8%,

Жиһаз өнеркәсібі бойынша  – 42,8%,

Құрылыс материалдарын өндіру – 44,5%.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер