«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәжіліс депутаттары БҚО кәсіпкерлерімен бірге бизнестің мәселелерін талқылады

2020 жылғы 08 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7277 просмотров

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Аманжан Жамалов, Кеңес Әбсатиров және Снежанна Имашева БҚО Кәсіпкерлер палатасы алаңында жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесті. Бизнес дамуының түйткілді мәселелері талқыланды, олардың шешу жолдарын депутаттар өз бақылауына алатын болады

 Кездесу барысында Шавхат Өтемісов елде бизнес дамуына атқарылып жатқан жұмыс жайында баяндады. Бірінші кезекте шағын бизнесті салықтан босату, тексеруге мараторий жайында айтылды, депутат мемлекеттік бағадарламалар, атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы туралы ақпараттандырды.

 «Шағын және орта бизнестің дамуы жақсы қалыпта. Бүгінде біз қол жеткізген көрсеткіш – жалпы өңірлік өнімде 28%-ды құрап отыр. Ендігі меже –  35-40%-ға жеткізу», – дейді Шавхат Өтемісов.

Ары қарай өңірдегі түйткілді мәселелер көтерілді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Хайдар Қапанов облыс орталықтарында мектептер құрылысын қаржыландырудың тоқтатылуына алаңдаушылық білдірді. Осы ретте облыс орталығындағы халық саны  жылдан жылға артып келеді.

  «Шамамен 20 мектеп салынуы тиіс. Оған бюджеттік қаражат жоқ. Кез келген облыста орын алатын басты мәселе – жер қатынастары. Біз Жер кодексінің 48-бабына сәйкес сауда-саттықтан кетуді ұсындық. Алайда бапта Кәсіпкерлік кодекстің 284-бабына сілтеме бар, онда бұл өңдеу өнеркәсібі делінген, салаға шамамаен 2 млрд инвестиция керек. Әрине, біз оған ілікпейміз», – деді Хайдар Қапанов.

 АӨК өкілдері субсидиялау бағдарламалараның тұрақсыздығы және шаруалар, жер және салалық ведомство арасында іскери одақтастық жоғын алға тартты. Жергілікті омарташылар өнімді өткізуге қатысты проблеманы айтты. Кәсіпкерлер орын алған мәселелердің шешу жолдарын атап өтті.

 Мұндай белсенділік барлық мәселелерді құрылымды әрі тез арада шешуге деген құлшынысты көрсетеді. Мәселелердің бір бөлігі жергілікті атқарушы органдар және БҚО Кәсіпкерлер палатасының атсалысуымен шешілуде. Бірақ басым бөлігі заңнамалық негізді талап етеді. Әр ұсыныс назар аударуға тұрарлық деді депутат Шавхат Өтемісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер