«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО Іскер әйелдер кеңесі бизнесті ауылда ашуға шақырады

2020 жылғы 31 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
7328 просмотров

 Осындай бастаманы Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері «Ауылдық жерлерде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту» семинарында көтерді

Батыстың белсенді әйелдері ары қарай ұмтылып, қыз-келіншектерді бәсекелестіктен қорықпауға, бірлесіп, АӨК саласында жеке кәсіпті ілгерілетуге шақырды. Осылайша – шикізаттан бастап өңдеу және өнімді өткізуге дейін бүкіл өндірістік цикл қамтылмақ.

 Қатысушыларға ұйымдастырылған семинар жұмыс диалог алаңына айналды, онда Азия даму банкінің Қазақсандағы өкілдері, микроқаржы ұйымдары, «Атамекен» ҰКП сарапшылары және даму институттарының өкілдері баяндамалар жасады. Ауылды жаңғырту үшін ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Бизнес-тренер Бақытгүл Елшібаеваның айтуынша, ол үшін сол өңірде тұратын халыққа инвестциия салу маңызды.

 «Мен практикалық тәжірибеме көбірек сүйенемін. «Шелек фермерлері» жобасы шеңберінде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында агробизнес орталығын құрдық, онда адамдарға ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды және енгізіліп жатқан инновацияларды оқуға көмектесеміз. Бұл іс жүзінде қолданылмайтын, ғарыштық нәрселерге ұмтылу деген сөз емес. Осы жерде өмір сүретін адамдарға қарай инновациялар мен технологияларды бейімдеу қажет. Осындай жұмыс жақсы нәтиже әкеледі. Мәселен, біз фермерлерімізді туннелді жылыжайларда жұмыс істеуге үйреттік. Бұл көп қаражат талап ететін өнеркәсіптік жылыжайлар емес.  Мұндай жылыжайлар өнімді ертерек алуға мүмкіндік береді. Бұл тұтынушы үшін қолайлы болатындай бағаға да әсер етеді.  Көп жылдар бойы кассеталық әдіспен өсіру технологиясына оқытып келеміз. Осындай қолжетімді қарапайым әдістер жайында мен семинар барысында айттым, және қатысушыларға технологиялар, несие және қаржыландыру – шамадан тыс нәрселере емес, оларды өзіңе қарай бейімдеуге болатынын түсіндіргім келеді. Семинар ауыл тұрғындарына үміт сыйлайды деген ойдамын. Біз 4 шаруадан бастағанбыз, қазір кооперативімізде 26 шаруа бар. 2015 жылы өнімді 6 млн-ға саттық, өткен жылы 33 млн-ға саттық. Жаңа мақсаттарды қоюдамыз. Бірлесіп жұмыс істеудің осындай тәжірибесі белгілі бір деңгейді мемлекетке де көмектеседі. Біз өз тәжірибемізбен бөлісуге ашықпыз», – деді Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қорынының атқарушы директоры, бизнес-тренер Бақытгүл Елшібаева.

 Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту негізіне гендерлік саяатты алу керек деп санайды БҚО Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері.  

«Әйелдер істі қашанда аяғына дейін жеткізеді. Осы принцип БҚО Іскер әйелдер кеңесі қызметінің негізіне салынған. Біз үлкен жоспарлар мен міндеттерді қойдық.  Әзірге үш жобамыз бар. Бірінші жоба «ауылда 50 әйел бейнесі». Ауылда белсенді жұмыс істеп жатқан қыз-келіншектерді ілгерілететін боламыз. Мотивация үшін Іскер әйелдер кеңесінің саябағын ашамыз, онда белсенді әйелдердің портреті ілінеді. Тағы бір жоба «Нөлден құрылған бизнес». Бізде көп балалы ана бар, оның шаруашылығына сауын аппараты керек. Біз оған жабдықты сатып алуға көмектесіп, бизнесін бір жыл бойы сүйемелдейтін боламыз. Үшінші жоба – әзірге идея ғана. Пилоттық режимде екі аудан – Бөрілі және Тасқала ауданын қамтымақпыз. Белгілі болғандай ауылда жүнді өртеп жібереді, сойылған малдың бас-сирағын тастайды, сүттің артығын жіберетін жер жоқ. Біз бүкіл циклды жолға қойып, шикізаттан бастап қатаң стандарттарға сәйкес өткізуді қалаймыз. Бөрілі ауданында шикізатты «Нұр» шаруа қожалығы қабылдайды, қожалық өңдеу, қаптау және сауда маркасымен айналысады. Келешекте жергілікті нарықтан басқа экспортты да көздеп отырмыз. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Жұмыс қорытындысын қараша айында Іскер әйелдер кеңесінің форумында жасаймыз», – деп түсіндірді БҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова.

«Нұр» шаруа қожалығының бастығы 12 жылдан астам уақыт ірі қара, қой шаруашылығы, құс шаруашылығы және өнімді толық өткізу өңдеумен айналысады. Осы жылы бизнес ханым өзінің көптен бергі арманын орындап, 2 фермерлік дүкен ашады, дүкендерде ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз алуға болады.

 «Бүгінде өнімді сату және ассортиментті кеңейту туралы ойлау керек. Ауыл шаруашылығымен қатар әйелдерге өз ісін дамытуға және көтеруге көмектесу қажет. Бір-бірінен бәсекелес көрудің қажеті жоқ. Біз кәсіпкерлердің бізге құлақ асқанын, түсініп, жауап бергенін қалаймыз. Бәсекеге қабілетті болу үшін өсу керек, сондықтан бүгін осы семинарға жиналдық. Оқып, бизнес серіктестікті жолға қою керек», – деді «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі Светлана Маутеева.

Семинар шеңберінде қатысушыларға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді, бизнес-жоспар құруды, әлеуетті клиенттерді табу, жарнама жасау және бизнесті интернет арқылы ілгерілетуді үйретті.

 «25 жастамын. Тігінші болмасам да бір жыл бұрын жүкті әйелдер мен емізулі балалары бар аналарға киім тігіп өз брендімді қалыптастыруды шештім. Кәсіп ашуды қатты қаладым, нарықты зерттей бастадым. «Бастау» бойынша оқу аяқталғанға қарай киім топтаманың жеке линиясын шығардым. Тапсырыстарды тігуге Алматыда жөнелтемін. 5-6 млн теңгеге несие алып, Бәйтерек ауданы Мичурино ауылында цех ашуды жоспарлап отырмын. Оған орынжай бар. Әзірге жалғыз жұмыс істеп жатырмын, жоспарда 3 тігіншіні жұмыспен қамту. Шеберлік сабақтарды жібермеуге тырысамын, олар көп нәрсеге үйретеді», – дейді «Бастау» түлегі Райхан Серікқалиева.

 «Семинар білімімізді кеңейтеді. «Нұрберген» шипажайымыз өңірдегі туризмді дамытуға үлесін қосып келеді. Жаңа корпус салу жоспарымызда бар, осылайша бізге қонақтар көбірек келе алады», – деді «Нұрберген» шипажайының иесі  Аина Баемирова.

Екікүндік тегін шеберлік сабағы оралдық 50-ден астам қыз-келіншектің басын қосты. Олар түрлі салаларда жұмыс істейді, белсенді әйелдерді алға қарай ұмтылу, жеке кәсіпті ілгерілетуге деген ынта біріктіреді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер