«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда «Бастау» бағдарламасы бойынша жобаларды қаржыландыруға 2,8 млрд теңге бөлінді

2020 жылғы 15 Қыркүйек
- Атырау облысы
7401 просмотров

 Бағдарламаны іске асыру уақытынан бастап кәсіпкерлік негіздеріне 4 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар оқыды

«Атамекен» ҚР ҰКП 7 жыл ішінде іске асырған сәтті жобаларының бірі «Бастау» жобасы болды, оның мақсаты кәсіпкерлік қызметке тарта отырып, халықтың экономикалық белсенділігін арттыру. Жоба арқылы 2017-2020 жылдар аралығында республика бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 146 мың адам оқыды, 38,8 мың адам бизнес ашты немесе кеңейтті. Атырау облысында да жоба сұраныста болды.

 «2017 жылдан бастап «Бастау» жобасымен 4 мың жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған атыраулық оқып шықты. Соның ішінде 1058 адам жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеге қаржыландыру алды. Соның ішінде 522 қатысушы 100 және 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алды. Іске асқан бизнес жобалар ішінде ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда және өңдеу өнеркәсібі саласы басымырақ болды. Бұдан бөлек, былтыр жұмыссыз әрі өзін-өзі жұмыспен қамтыған 29 жасқа дейінгі жастарға арналған «Жас кәсіпкер» жобасы іске асқан болатын. Бұл жоба бойынша 600 адам оқыды, соның ішінде 308 адам жалпы сомасы 155 млн теңгеге 200 АЕК көлемінде грант алды», – деді Атырау облысы ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанаргүл Жоламанова.

  Айта кетсек, «Атамекен» ҰКП «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының қаржылай емес операторы. «Бизнестің жол картасы-2025» бойынша «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау» IV бағыт шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 6 бағыт бойынша сервистік қызмет көрсетіледі:

  1. бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ статистикалық есептілікке қатысты қызмет көрсету;
  2. заңгерлік қызмет көрсету;
  3. маркетинг мәселелері бойынша қызмет көрсету;
  4. мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызмет көрсету;
  5. өндірілген өнімді өткізуде отандық өндірушіге көмектесу бойынша кеңес беру;
  6. электронды-цифрлық қызмет көрсету бойынша кеңес беру.

   Талдау көрсеткендей бухгалтерлік және салықтық есеп, сондай-ақ статистикалық есептілікке қатысты қызмет көрсетуге сұраныс жоғары. 2014-2019 жылдар аралығында Атырауда 9 мыңнан астам кәсіпкер Өңірлік палатаның көмегіне жүгінген. Осы уақыт аралығында 13 мыңнан астам сервистік қызмет көрсетілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер