«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО рестораторлары отбасылық іс-шараларды өткізуге рұқсат беруді сұрайды

2020 жылғы 30 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
6724 просмотров

БҚО кәсіпкерлер палатасы алаңында басшылық және мейрамхана мен сауда бизнесі өкілдерімен кездесу өтті. Сауда үйлерінде бутиктерді жалға алушылар бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы «жексенбі және мереке күндері жұмысқа» қатысты 11 және 48 тармақтарды қайта қарауды сұрайды

 Еер 5 жұмыс күні мен 2 демалыс күнді салыстырса, онда демалыс күні біз көбірек табыс табамыз, дейді қоғам қайраткері, сауда үйлердің өкілі Аслан Өтепов.

«Жұмыс күндері жабылуға бір-екі сағат қалғанда адамдар тез жүгіріп келіп, заттарын алады. Тұтынушылық ағым осы күндері өте төмен. Ал сенбі-жексенбі күндері адамдар демалады, шопингке уақыт арнай алады біз де оларға қызмет көрсетуге дайынбыз. Қаулыдағы осы тармақтарды демалыс және мереке күндеріне рұқсат беріп, қайта қарауды сұраймыз. Тым болмағанда сауда алаңдары үлкен кәсіпкерлерге рұқсат берілесе».

 Осындай ұсынысты рестораторлар тарапы да айтты. Аудан көлемін ескере отырып, олар 20-100 адам аралығында астар мен банкеттерді өткізуге рұқсат беруді сұрайды.

 «Менде 300 орындық зал бар, мен еш қиындықсыз СЭҚ талаптарын сақтай отырып, 100 адамды  орналастыра алар ем. – дейді «Қоржын» мейрамханасының иесі Шолпан Досқалиева. – біз наурыз айынан бері жұмыс істемедік. Осы уақыт аралығында 50 млн-нан астам теңге жоғалттық. Жұмыскерлердің жартысын жоғалттық. Басқаларынан да ұстай алмаймыз деп қорқамыз. Жұмыс орнын сақтау қиын».

 Кездесуде басқа да сұрақтар талқыланды. Олардың барлығын ӨКП басшылығы мемлекеттік органдарға, соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылығына жеткізеді. Отырыста айтылған ұсыныстар мен өтініштер жұмыс аптасында БҚО бас санитарлық дәрігерінің қатысуымен өтетін кеңесте қаралатын болады. ӨКП бизнестің мүдделерін қорғауды жалғастырады және бизнес мәселелерінің шешілуін мүмкіндігінше қадағалайды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер