«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БҚО Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 28 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
11350 просмотров

БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесімен мақұлдауы бойынша   «Атамекен» ҚР ҰКП Басқармасының шешімімен БҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры болып Нұржан Ерболатұлы Мақсотов тағайындалды

 

 

Қысқаша өмірбаяны:  

 Нұржан Ерболатұлы Мақсотов 1978 жылы 9 мамырда БҚО Теректі ауданы Сары-Өмір ауылында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университеті «Кәсіпкерлік құқық» кафедрасында «Құқықтану» мамандығын алды.

 Еңбек жолын 2000 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де оқытушы болып бастады. Содан кейін ол «Батыс Қазақстан облысы әділет басқармасы» ММ жетекші маманы болды; 10 жылдан астам уақыт «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді; 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары қызметін атқарды. ӨКП-да жұмыс істеген кездегі алған марапаты – «Ісіне адалдығы үшін» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 3 дәрежелі медалін иеленді.

 Жиын барысында Өңірлік кеңестің төрағасы Басқарманың шешімін жария етті және жаңа басшыны құттықтап, Кәсіпкерлер палатасы ұжымына алдағы жылы жаңа жетістіктер тіледі. Сондай-ақ жиында алдағы міндеттер мен жоспарлар айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер